Тіл - тас жарады...

Мына түрімізбен қытайшалап жылан, құмырсқа теріп жеп кетпесек де?..

  • Мына түрімізбен қытайшалап жылан, құмырсқа теріп жеп кетпесек де?..

    Мына түрімізбен қытайшалап жылан, құмырсқа теріп жеп кетпесек де?..

Базардағы баға у мен зәр! Үкімет-ау, Үкімет!.. Ұшқан нарықпен қара халқың қайтіп күн көрмек?! Айдың күні аманда Маңғыстауда малға жұт басталды деп дабылдатып жатыр... Малмен қоса халыққа да жұт әкеліп жатсыңдар, не бітіріп отырсыңдар?! Ет жеу - арманға айналды. Асқа қосатын пісте майың қанатсыз ұшты! Халық - күнін қалай көрерін білмей теңселе бастады. Жарыққа қосылған бағаны айтқанмен сенбессіңдер. Жалақымыз сол күйі батпандап тұр. 120 000 теңге жалақыма қалай күн көрем?! Нарықты тізгіндеуге шамасы жетпейтін, халықтың күйімен санаспайтын үкіметің кімге керек?! Мына түрімізбен қытайшалап жылан, құмырсқа теріп жеп кетпесек де?.. Тап қазір көкөніс пісіп, нарық төмендей ме десек, керісінше - шарықтап жатқаны ашу келтіріп жатқанын ескеретін билік бар ма өзі? Мәселен, Шымкенттің айналасы қаптаған теплицадан көрінбейді. Базарда қызанақ 450-500 теңгеден түскен жоқ. Сонша теплица өнімін сыртқа артқанша, алдымен Шымкент тұрғынын тиімді бағалы өніммен қамтамасыз етіп, артылғанын шетке жіберсін. Өйтпеген жағдайда теплицаға бөлінген жерлер қайтарылып алынсын! Мал да солай - Өзбекстан мен Иранға кетіп жатыр. Қанат байлап ұшпайды ғой, кеден арқылы өтетін шығар. Кеденге неге тиым жоқ?! Базардағы бағаны көріп жыным кеп... Қысқасы, біздің ел - есік-терезесі ашық-шашық, жаттар қалаған жерін ойып жеп жатқан, көршінің иті төбемізге сиген иесіз елге айналды. Ақыры не боларын?..

Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 11314    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.06.2021, 01:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31