Тіл - тас жарады...

Мына заманда иістенбей жүрудің өзі үлкен ерлік боп қалды ма деймін...

  • Мына заманда иістенбей жүрудің өзі үлкен ерлік боп қалды ма деймін...

    Мына заманда иістенбей жүрудің өзі үлкен ерлік боп қалды ма деймін...

Саяттың (Медеуов) тілі у ғой у) Сол Сәкеңе бірде бір жігіт ( есімін айтпай-ақ қояйын) өзінше ақыл айтып қоймай қойыпты.

- Әй, Саят, сахнада жүргеніңе көп болды, не жиған байлығың жоқ, не клипің жоқ, саған жарнама жетіспейді, - дейді ғой.

- Оу, көке, клип дегенді аса жақтырмаймын, оның үстіне оған көп ақша керек, - дейді Сәкең саспастан.

- Ей, сен қоқаймай үлкен кісілерге бар, жағымпаздан, өйтіп-бүйтіп артына кір. Сонда клип те, үй де болады, - дейді танысы өзеурей.

- Артына деймісің, қойшы, сасық қой, - депті Саят күліп. Жігіт шап ете түседі;

- Ә, қу бала, сен біреудің артына кіріп көргенсің ғой, әйтпесе сасық екенін қайдан білесің!

- Е, жоға, мен кіріп көрген жоқпын, сенің үстіңнен мүңкіп тұр ғой, содан білдім, - дейді Саят. Әлгі жігіт шалт бұрылып кетіп қапты, содан кейін көпке дейін сөйлеспей қойыпты. Мына заманда иістенбей жүрудің өзі үлкен ерлік боп қалды ма деймін...


Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1552    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.03.2019, 10:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30