Тіл - тас жарады...

Мыналар тас дәуіріндегі хайуандардың ісін істепті

  • Мыналар тас дәуіріндегі хайуандардың ісін істепті

    Мыналар тас дәуіріндегі хайуандардың ісін істепті

Ютубте "Қожалы геноциді" деген ролик бар екен. Егер жүректеріңіз шыдаса, қараңыздар.
Мен бұл қырғын туралы бұрын естігенмін... Бірақ ол дәл мынадай болды деп ойламаппын..
1992 жылы қыстың көзі қырауда ақпан айы Әзірбайжанның Қожалы атты шағын қаласына әрмен сарбаздары басып кіріп қанды қасап жасапты.
Әрмен сарбаздарына 7 мың тұрғыны бар Қожалының әуежайы керек болған мыс..
Бұларды сарбаздар деп айту күпірлік, бұларды хайуандар десе болады. Бейбіт тұрғындарды қойша қырып кеткен. 600 дан аса адам ауыр азаппен өлген. Бала - шаға бәрі кеткен...
Тірі қалғандары мәңгілік шок алып өмір бойы азап шегіп келеді.
Көбісі тірі қалғанмен кейін психикасы ауытқушылыққа ұшырап.. асылып өлген.
Хайуандар бала - шаға деп қарамай қыра беріпті. Әке шешесін балаларының көзінше азаптаған. Екіқабат келіншектердің ішін жарған..
Тұрғындар оқтан қашып жертөлеге тығылса ана малғұндар жертөлеге граната лақтырған.
Арақтарын ішіп алып былқып бейбіт тұрғындарға ойларына келгенін істеген.
Тірі қалған Қожалы тұрғындары дімкәс, жарымжан адамдар боп қалыпты.
Тып тыныш жатқан қалашықтың шаңырағы осылай ортасына түскен.
Әзірбайжан халқы жалпы момын, жуас халық қой, оларға сол түні құдай тағы бір ауыр сынақ берген екен.
Далада 20 ғасыр, ал мыналар тас дәуіріндегі хайуандардың ісін істепті. Бұл роликті қарап отырып жүрегім ауырды. Өте ауыр фильм екен.
Ол ол ма, сол кезде осы қырғынды басқарған Серж Саргсян деген әрмен командирі кейін Әрменияда президент болды.
Кеше бір әзірбайжан қария 27 жыл өткен соң бүгінде Әзірбайжан әскері азат етіп жатқан Қожалыға оралыпты. Байғұс шал атасының басына орнатылған зиратты көріп толқып көзіне жас алды...
Әзірбайжан айбынды әскерінің соңғы кезде Таулы Қарабақты азат етіп жатқан қадамына тәнтімін.
Жаса Әзірбайжан, жаса!




Көрілген: 5806    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.11.2020, 09:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31