Тіл - тас жарады...

Мынаның айтқаны рас болса, жұбайын көлеңкесінен қызғанатындардың жағдайы не болады?

  • Мынаның айтқаны рас болса, жұбайын көлеңкесінен қызғанатындардың жағдайы не болады?

    Мынаның айтқаны рас болса, жұбайын көлеңкесінен қызғанатындардың жағдайы не болады?

Бәрің жезөкшесіңдер.


Мынау не оттау енді? Статистика бойынша ең көп секс жасайтын, секс болғанда да харамын яғни көзге шөп салатын дәрігерлер мен мұғалімдер екен дейді. Себебі жұмысы ауыр соның кесірінен күйзеліске түсетін болса, сразу біреуді жәукемдеп алады деп отыр. Сонда деймін да ауыр отадан шыққан еркек дәрігер өзінің ассистентіне, шешінші күйзеліске түсіп мазам болмай тұр дейді ма екен? Әлде бас дәрігер барлығын жинап, тәк әріптестер бүгін жұмыс қауырт болды, өткенде праздник деп екі рет ночқа түстік, енді сол күйзелістен арылайық деп жаппай биге дейтін асабаларға ұқсап, жаппай секске дейді ма екен? Мынаның айтқаны рас болса, қараптан-қарап жұбайын көлеңкесінен қызғанатындардың жағдайы не болады екен? Мұғалім қалай көзге шөп салады? Завуч или директор бір мұғалім апайды шақырып алып, оған қазір жиналыстан шықтым районо ұрысты мазам жоқ тоңқаймасаң болмайды дейді ма екен? Айналайын ау өзі 3-6-9 айлап оқып ми ашып жүрген мұғалімге керек па сол. ҰМЖ ,ҚМЖ, ОМЖ деп жүрген апайыңа керегі не оның? Мұғалімді жезөкше етудің қаншалықты қажеті бар? Мен мұғаліммін, әкем де , шешем де ұстаз. Осы уақытқа дейін ұстаздық атқа кір келтірмей келе жатырмыз. Бұл біздің жанұямыз үшін өте қатты батып отыр. Онсыз да сынның астында жүрген, жегені жантақ ұсаздарды зинақор деп қорлау бұл. Қандай статистикаға сүйеніп айтты бұны жауап берсін.

Құдай ау, қазір кім күйзелісте емес. Барлық жұмыстың өзіне жарасымды ауыртпалығы болады. Тек дәрігерлермен мұғалімдер ғана емес шаршап жұмыс істейтін. Қазір күйзеліс әкелмейтін мамандық жоқ шығар. Бір екі жұмысты мысалға келтірейін. Таңғы 04:00 де жұмысына кететін автобустың шофері кешке шаршадым деп кондукторымен әмпей-жәмпей болса, немесе таң атпай редакциясына асығып кешегі мақаласын аяқтай алмай қалған газет редакторы тілшісімен махаббат болса, немесе бітпейтін есебі бар әкімшілік қызметкер отчет қашпас деп әріптесімен төсектес болады деген сөз. Автобус айдауыңда, мақала жазуыңда, есепті тапсыруыңда, тіпті аула сыпырып, бір мекемеде еден жууда оңай емес. Себебі бұның барлығы адамды шаршатуға күйзеліске әкеледі. Қазір күйзеліске әкелмейтін мамандық жоқ шығар. Барлығы шаршау, сонда соның барлығы көзге шөп салатын жезөкше болғаны ма? Бұл нағыз барып тұрған сауатсыздық деп есептеймін. Эфирге шығатын адам не айтып не қоятынын білуі керек емес па? Тексеретін редакторы қайда қарады? Статистика рас болған күннің өзінде осыны айтудың қажеті қанша, осыда жаңалық па сонда? Әзілдеп айттым дей салатын сыныптастарының арасында вечерде отырған жоқ қой. Миллиондаған ел көріп тыңдап отыр.


Құрметті Даурен Абаев мырза!

Мынандай өрескел қателіктерге бой алдыруға болмайды. Ұят , субардинация, деген болуы керек. Эфирді жалпы арнаны мынандай нәрселерден тазартуыңызды сұраймын. Қаншама елге ой салады мынау әңгімесі. Қаншама шаңырақты ортасына түсіріп ажырастырып жіберуі мүмкін. Сынықтан сылтау іздейтін адамдарға мынау видео көмекші құрал болмаса игі еді...


Бейбіт Казыбеков

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1668    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.03.2019, 11:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30