Тіл - тас жарады...

Не ақшамыз, не медицинамыз, не жауапкершілігіміз жоқ ...

  • Не ақшамыз, не медицинамыз, не жауапкершілігіміз жоқ ...

    Не ақшамыз, не медицинамыз, не жауапкершілігіміз жоқ ...

Мынау Болгария. Вирустың өршуіне дайындалып жатыр. Елде 171 адам вирус жұқтырған. Италияның кебін кимеу үшін барын салуда. Сәуірдің басында вирустың өршу мүмкіндігін айтады. Көршілес елдермен шекараны жапқан, әуе қатынасын тоқтатқан. Қосымша ИВЛ аппараттар алып жатыр. 7 млн халқы тәртіпке мығым екен. Үйден шықпай отыр. Арнайы ғимараттарды мыңдаған адам жататын етіп дайындап жатыр. "Вирусты тоқтатуымыз да мүмкін, бірақ сақтықта қорлық жоқ деп дайындап жатырмыз" дейді.

Бүгін міне еліміздің бірден үш аймағында мына пәлекет пайда болды. Шымкент, Жамбыл мен Солтүстікке жетіп үлгерді. Өткенде карантинді бірден жариялап, қаланы жабу керектігін айтқан едік. Соған қарамастан ол ұсыныс орындалмай, Алматы мен Астанадан жүз мыңнан астам халық кетіп үлгерді. Басым бөлігі оңтүстікке барды. Міне, Шымкентте ауырып қалған 24-жастағы жігіт сол дүрбелеңде Астанадан барған екен. 20-наурызда оңтүстікке жеткен. Қазір дағдайы орташа дейді. Өкінішке орай вирус ол келген автобустағы, вокзалдағы адамдарға жұғу ықтималдығы жоғары. Жүз мыңның қаншасында вирус барын тек бір Алла біледі. Жағдай қиын, алаңдатарлық негізде!

Шымкент ірі қала. Миллионнан астам халқы бар мегаполис. Өкінішке орай санитарлық деңгейі Алматы мен Астанадан төмен. Бұл да алаңдатарлық жәйт. Жалпы оңтүстік халқы салтымызға берік қой. Сондықтан той-томалақ тоқтағанымен, үйде тұсаукесер және басқа ырымдарды жасап жатыр. Ағайынның араласқаны құба-құп болғанымен, вирустың таралуын жылдамдатуы мүмкін. Сондықтан Шымкент қаласы бойынша карантин жариялау керек деп ойлаймын. Ертеңнен қалдырмай. Кеш болмай тұрғанда қамданып қалу керек. Ертең оңтүстікті вирус жайласа, тоқтата алмай қаламыз. Өкініш өзегімізді өртейтін болады.

Жалпы вирустың өзге аймақтарға таралуы соңғы екі күнде артты. Сондықтан бұл өршуге келе жатқан сияқты. Министрлік сәуірдің басында вирус қарқыны артады дегенді айтып отыр. Италия сияқты болғымыз келмесе, барынша сақтық жасау керек. Үйде отыру, далағы шықпау. Бары осы! Италия сияқты болсақ біз қырылып қаламыз. Өйткені олар сынды не ақшамыз, не медицинамыз, не кезек сақтау мәдениетіміз бен жауапкершілігіміз жоқ. Осыны барынша түсінейік!

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2286    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.03.2020, 13:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30