Тіл - тас жарады...

Неге адамзат баласы өз өмірінің өзінен басқа ешкімге де құнды емес екенін түсінбейді?

  • Неге адамзат баласы өз өмірінің өзінен басқа ешкімге де құнды емес екенін түсінбейді?

    Неге адамзат баласы өз өмірінің өзінен басқа ешкімге де құнды емес екенін түсінбейді?

ӨМІР

Кейде өмір сүрудің өзі қорқынышты. Өзің жақсы танитын адамның ой түкпірінде қандай қанқұйлы төңкеріс болып жатқанын білмейсің...
Ол қажып жүр ме, депрессияның тұңғиығына батып бара ма, бұ өмірден баз кешкісі келе ме... жаның мен таным-түсінігің бөлек болған соң дәл сол адамдай сезіне алмайды екенсің!
Неге адамның жаны соншалық жұмбақ?
Неге адамзат баласы өз өмірінің өзінен басқа ешкімге де құнды емес екенін түсінбейді?
Былтыр бір танысым аңшы мылтығымен өз-өзін атып тастады. Сырттай қарағанда отбасы бақытты күн кешіп жатқандай көрінетін. Менің үйімді жөндеп жатып, балаларын, әйелін мақтаған. Соған қарағанда отбасында үлкен проблема болмады-ау. Ұлының кішкентайлы болмай жүргенін уайымдайтынын айтқан.
Ұлты басқа болса да қазақы қағытпаға (нағашылары қазақ болса керек) әуес болатын. Сондай өмір бойы көңілді болып жүретін адамның өз-өзін атып тастауының себебін бұ өмірде мен түсінбей өтетін шығармын!
Бүгін де дәл сондай ауыр оқиғаның куәгері болдым. Адамның өмірін сақтап қалудың қандай қиын екенін көзбен көрдім. Жай ғана "Жедел жәрдем" қызметкерінің жұмысының қандай ауыр екенін шын түсіндім.
Туысың емес, досың емес, жүзтаныс адамның (ұлты басқа) өмір мен өлім арасындағы арпалысын қарап отырып "осының бәрі не үшін керек?" деп ойладым.
Қиналған тек өзі... Басқа ешкімнің қылы да қисаймайды...
Осыдан бірер сағат бұрын о дүниеге асыққан адам енді өмір үшін күресіп жатыр...
Қайшылыққа толы ғұмырдың жұмбағын шешер адам бар ма?
Ауыр... ауыр да болса алдымен өзімізді аяйықшы дегім келеді.


23-30, 28 қараша

Қанат Әбілқайыр

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2803    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.11.2020, 15:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31