Тіл - тас жарады...

Неге бұлар атағын өз халқының қалыбына түкіре отырып шығарады және оны кім қолдайды?

  • Неге бұлар атағын өз халқының қалыбына түкіре отырып шығарады және оны кім қолдайды?

    Неге бұлар атағын өз халқының қалыбына түкіре отырып шығарады және оны кім қолдайды?

Байзакова, баяндарова, тасова, нарчаева сынды шешінуге дайын "казашкаларға" қарап: бұларды өмірде жолы болмаған, сөйтіп жер өртеп аттарын шығарып жүрген қыздар деп қабылдайды екенмін. Хайпожерлар деп те ойлаймын кейде ..

Осы жақында осы жерде сілтемеден бір мақала оқып қалдым. Бір Талдықорғандық мисс атағын алған Жадыра есімді қазақ қызы әлемдік байқауға қатысудан бас тартыпты мыс.. "Ол жерде шешіну керек екен, ал оған менің қазақшылығым жібермейді" депті Жадыра есімді ару. Сосын суреттен осы қыздың түріне қарасам тал бойында бір міні жоқ үлбіреп тұрған қыз екен. Оның қасында байзакова, нарчаевалар түр - кескіні жағынан оның қолына су құйып беруге де жарамайды. Ана шыбыштар тек қана дүрдиген пластик хирургия екен.
Жадыра жас болса да құдай оған ақыл парасат пен түрді берген екен. Сұхбатында көшелі сөз айтыпты.

Өткенде осы біздің жалаңаш казашкалардан әбден мезі болған біреулер Францияда құрметтелген Самал Еслямованы мысалға алып "міне, ибалы, әдепті, арлы - ұятты нағыз қазақ қызы" депті. Онысы рас, Самал жүріп өткен Каннаның қызыл кілемі байзакова, нарчаева, т. б. түгел, олар үлгі тұтатын ресейлік актрисалардың түсіне де кіріп шықпайды. Самал - ТМД бойынша сондай атақ алған тұңғыш актриса.

Сол Самалдың түріне қарасаңыз қазақи әдебі байқалып, бет моншағы үзіліп тұр, аналар айтпақшы, нағыз қазақи ұятменка. Ал жеткен шыңы жүдә керемет.

Ал жалаңаш мыналардың бойында түк дарыны жоқ, не дауысы жоқ, я керемет өңі жоқ, я ақылы жоқ, өнер дегеннен де жұрдай, ұлттық намысы туралы сөз артық. Менің түсінбейтінім, сонда біз бұларды не үшін әспеттеуіміз керек?
Өз халқына ерегісіп арттарын ашатыны үшін бе?
Анау кешегі Нарчаева дегені уже белгілі актерлармен киноға түсіп жүр дейді. Бізде талабы таудай, дарынды қазақ қыздарының өздері танысы болмаса камера маңына жолай алмайды. Байзаковасы топ жарнамалардың бетін бермейді, Тасова дегені топ модель боп апты.
Сонда бұл ненің құрметіне, олардың қандай дарыны үшін? Және әдейі бұлардан кілең жұлдыз жасап отырған кімдер?
Неліктен бұлар біздің қоғамда құрметті адамдар боп саналады?
Неге бұлар атағын өз халқының қалыбына түкіре отырып шығарады және оны кім қолдайды?

Бұларды әлдеғандай қылып ду етіп қолдап бір жерлерін шелектей қылатын, өздерін заманауи санайтын, өз қандасын "ұятмен" деп кекететін, сол орыс билеген заманнан бері бір шаригінен айырылып қалған баяғы сол орыстілді тобыр екені де белгілі. Ал бұларға мыналарды оқтын - оқтын шығарып тұздық беріп отыратын нақты кімдер?

Бізде өздерінің құдіреті күшті, әлеуетті, қазақшылыққа іштей қарсы бір топ арнайы түрде қазақшылыққа қарсы соғыс жүргізіп отырған сияқты.

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3129    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.12.2019, 12:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31