Тіл - тас жарады...

Неге осы "Алланың жазуынан аса алмай" отырамыз?

  • Неге осы

    Неге осы "Алланың жазуынан аса алмай" отырамыз?

Дінге сенген, адал құлшылық еткен дұрыс қой, бірақ біз кез келген нәрсенің себебін шынайы өмірден іздеп үйренгеніміз жөн шығар, бұл бізді ғылымға, ізденіске жетелейді. Мүмкін айналып Аллаға қайтып ораларсың, бірақ өзің біліп оралмайынша тыным таппаған дұрыс-ау. Елді мекенді су басып жатса Алланың берген жазасы демей, судан құтылатын жол табайық, балаң надан өсіп, елің тұтас жемқор боп жатса, оның да шығар жолын іздейік. Ауыл шаруашылығынан мол өнім ала алмасақ оны да Аллаға жаба салмайық, Израильдың қу тақырдан қалай памидор мен қияр өсіріп отырғанын зерттейік. Аяқ асты ауырып жақынымыз қайтып жатса оның да биологиялық, физикалық себебі бар, оны іздейік. Елің кедей болса қалай байытуға болатынын ойлайық. Неге осы "Алланың жазуынан аса алмай" отырамыз? Және дінді сынасақ та басқа жағынан емес осы "біздің қолдан келер қайран жоқ" дейтін жасанды түсінік тұрғысынан сынайық.

Астана көшелерін аралап жүрсең сауна, бильярд, қонақ үй мен тойханадан көп нәрсе жоқ. Не қылған рахат сүйгіш, тойшыл, думаншыл халықпыз. Неге зауот, ғылыми орталық, жекелік оқу орындары, фабрикалар сөйтіп самсып тұрмайды, неге сауда дүкендерінде ұлттық өнім самсып тұрмайды? Осы ойынмен, осы бетпен 50 елге кірмек екенбіз...

Бұл сайлау да ойын да, күлкі де емес қазақтың тағдыры, өз үнімізді танытайық, әділетсіздікке адам секілді қарсы тұрайық. Жол бермейік. Елді түзейтін сол елдің өзі, сіз бен біз, менің білуімше.


Есбол Нурахмет

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1512    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.04.2019, 16:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30