Тіл - тас жарады...

Неге сонша бір күндігімізді ғана ойлайтын халықпыз?

  • Неге сонша бір күндігімізді ғана ойлайтын халықпыз?

    Неге сонша бір күндігімізді ғана ойлайтын халықпыз?

Дүкенге шығып келдім. Аулада мамашалар бала-шағамен өріп жүр. Біреуінде маска жоқ. Ал мен болсам, ауырып, енді жазылып келем (төртінші апта болды). Жазылдым деп жұмысқа шауып баруыма болар еді. Бірақ әріптестеріме бірдеңе жұқтырып қоямын ба деп қорқам. Әлі де оқшауланып жүрмін. Мемлекеттің, биліктің біздің денсаулығымызға пысқырмайтынына көз жеткіздік. Сөйте тұра үйге сыймай, далаға ағыламыз. Аулада арақашықтық ұстау деген жоқ. Ертең ауырса кімді жазғырады? Оларды емдейтін сау дәрігер қала ма? Қазір дәрі таппай шырылдап жүрген адам қаншама. Жақынынан айырылып қалудан қорықпай ма? Күніне кем дегенде бір танысыңның қайтыс болғанын естисің. Ол да әсер етпей ме? Мына карантин не үшін, егер үйде тыныш отырмасаң?! Не үшін ел жұмыссыз қалып жатыр? Неге сонша бір күндігімізді ғана ойлайтын халықпыз? Бүгін сау болсақ, ертең ауруымыз мүмкін ғой... Бұл аурудың қайдан ғана жабыса кететінін білмейсің. Мен сияқты ауырғандар басымды көтердім ғой деп аулаға шығып, көпшілікпен бірге таза ауада тыныстаса не болады? Менің ауру екенімді өзім айтпасам білмейді ғой, мысалы. Осының бәрін айғайлап айтқым келді. Бірақ ешкімге ешнәрсе әсер етпейтін сияқты. Жаны үзіліп жатқан таныстары болса да, "бастысы, мен тірімін, құдай сақтасын" деп жүре береді. Ковид болсын, пневмония болсын қорқынышты. Екеуінен де өліп жатыр. Ал оны жұқтырмаудың жалғыз жолы - көпшілік орынға жиналмау, гигиена сақтау, маска тағып жүру... Көпқабатты үйдің ауласы да көпшілік жиналатын орын екенін ұмытпайықшы! #Үйдеотыр #Карантин


Жадыра Нармаханова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1994    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.07.2020, 10:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30