Тіл - тас жарады...

Немерең сондай қайыршы қоғамның біріне айналмасына кім кепіл?

  • Немерең сондай қайыршы қоғамның біріне айналмасына кім кепіл?

    Немерең сондай қайыршы қоғамның біріне айналмасына кім кепіл?

ОҚШАУ ОЙ

Тауыққорадан да жаман лашықта, лашық деймін-ау, лашықтан бетер жамау-жасқаулы бірдеңенің ішінде, сылағы түскен, қабырғасы жарылған, не едені, не шатыры жоқ сиыр қорадан төмен лапаста, күресіннің қасында, кардон қағаздан қалқа жасап иен далада адам төзгісіз тірлік кешіп жатқан қазақ отбасылары жайлы видеоларды көргенде не ойларымды білмей кетем. Сөйтіп күнелтіп жатқанның әке-шеше, ағайын-туған, туыс-бауыр, жекжат-жұрағат, кластас пен рулас, қала берді ауыл-аймағы жоқ па… Бірінші миға келетіні - осы. Содан кейін қарапайым халықтан 500-1000 теңгелеп қаржы жинап сондай жандардың баспаналы болуын қамтамасыз етіп жатқандар бар. Журналист Гүлмира Әбіқайдың парақшасынан жиі байқаймын. Дұрыс та шығар. Бірақ сондай видеоларды қазақты 30 жылда осындай қайыршылыққа жеткізген біздің биліктегілер неге көрмейді? Неге қара халық тиындап жинап қоғамның сондай “тастандысына” үй алып беруі керек? Әлеуметтік жағдайы нашар, тұрмысы төмен ондай отбасылар жыл сайын көбейіп келеді. Ел-жұрт қашанғы сауын сиыр болмақ? Жо-жоқ, байдың асын қызғанар пендең мен емес. Мен бар болғаны тек миым жетіңкіремейтінді көкпар етіп ортаңа тастадым. Ондай мұқтаж отбасылар өз туғанынан мейірім көрмегенде халықтың қайырымдылығына жылына ма? Біреу қарайласуға міндетті деген масылдық балаларына сіңіп кетпей ме? Қазақ қайырымдылықты құдай жолына деп жасай береді, садақа де, сауап де - қалай аталса да, мейірім ұлттың қанында бар. Қалай десе де, барына шүкір, жоғына сабыр еткен қара халық қасқыр құсап өз жарасын өзі жалап жазып келеді. Бірақ аш қасқырдың түбі тамақтан алатынын ашкөз тоғышарлар неге түсінбейді? Өзің өлгенше тайраңдарсың-ау, балаң тоқтықтан құтырып, немерең сондай қайыршы қоғамның тастанды отбасының біріне айналмасына кім кепіл? Зауал ешқашан өзіңді соқпай, ет-жақының арқылы зар илететінін ұқпайтын топассыңдар ма, шынымен? Ақшаңның шамасы бәріне жетеді-ау, бірақ баурыңдағы балаң мен қойныңдағы қатының (немесе байың) санасы сансырап, жадын жоғалтса һәм уақытынан ерте алжыса, түк те істей алмайсың. Шолақ қолың мен шолақ аяғыңа, тісіңе, тіпті құлағыңа протез жасатасың, ал жоғалған жадыңа, есеңгіреген есіңе түк те істей алмайсың, он жерден миллиардер болсаң да…

Айгүл Болатханқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4550    Пікірлер: 0

сенбі, 24.07.2021, 01:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30