Нұр-Cұлтаннан 30 шақырым шығып кетсең, халықтың жағдайы төмен екендігін көресің
Еліміздің экономикалық дамуында орталық пен облыстар арасында жермен көктей диспропорция бар.
Біздің елімізде бюджет жоғарыдан төмен қарай жасалады.
Яғни, салықтың барлық түрлері орталықта (Өкіметте) шоғырланып, сол жерден аймақтарға бөлінеді.
Сол бөліністі әділетті, дұрыс бөлу деп айту қиын.
Аймақтар, әсіресе ауылдарға судың тамшысындай ғана қаржы бөлінеді.
Қазір, Нұр-Cұлтан қаласынан 30 шақырым шығып кетсең, халықтың жағдайының төмен екендігін көресің.
Әлеуметтік- мәдени инфрақұрылым жоқ. Жол жоқ. Интернет тапшы.
Ауылдың тұрғындарының өмір сүру индексі төмен.
Мемлекет бюджетін аймақтарға, ауылға бұратын уақыт жетті.
Халықтың 42 - пайызы аймақтарда тұрады. Олардың әлеуметтік иммунитетін ойлау мемлекеттік мәселе.
Нұр-Cұлтан қаласына қаржыны төге беруді доғарып, аймақтарға көңіл бөлетін уақыт жетті.
Erlan Sairov
Фейсбуктегі парақшасынан