Тіл - тас жарады...

Өкіметтің бөлінген қыруар қаржысы қайда жұмсалды?

  • Өкіметтің бөлінген қыруар қаржысы қайда жұмсалды?

    Өкіметтің бөлінген қыруар қаржысы қайда жұмсалды?

Өткенде ауылға барсам елдің бәрі абыр-сабыр. Әншейінде анықтама ғана үшін баратын әкімшіліктің алдында ауылдың бар белсендісі жүр. Барып сұрастырсам аудан әкімі Талғат Байедилов келіп есеп береді деді. Тыңдайық деп ел қатарлы менде ішке кірдім. Есептің басы әдет бойынша түсініксіз цифрлармен басталды. Ойпырмой, не деген ақша деп отырдым. Бір кезде ауылдың атынан орманның бастығы шықты. Сол баяғы мақтау, жұмысына табыс тілеумен бастады. Содан кейін барып ауылдың ахуалына көшті. Өгіз өлмейтін, арба сынбайтын жолмен суыртпақтап жеткізді. Ауызсу, өмірінде тас көрмеген батпақ жол, алты ай қыс жабық тұратын күре жол және біреудің үйінің ауласында тұрған аурухана мәселесі қозғалды. Айтылмағаны қанша. Ауылдың ауырлығын шешіп берер деген аудан басшысы тыңдап болған соң, халықтың өзіне дүрсе қойды. "Ауызсуыңның мәселесін шешуге тырысамын, қалғанын өздерің жасаңдар. Ауылдықтар жиналып мешіт салыпсыңдар, сөйтіп аурухана салып алыңдар. Үкіметке қол жая бермей тіршілік жасаңдар" - деді. Енді сұрақ, 100 аурухана бағдарламасы кім үшін? Өкіметтің бөлінген қыруар қаржысы қайда жұмсалды? Бізге салынған футбол алаңының газонының ақшасы кімнің қалтасында? Біздің ауылдан кеткен үш әкімің аудан орталығынан жағдайын жасап алды. Жалақысына ма? Егер елдің мәселесін сіз шеше алмасаңыз кімге барып айтайық? Жоқ әлде міндетті түрде тілшілер барып араласуы керек па? Жауап күтемін әкім мырза.


Ернат Ысқақ

Фейсбуктегі парақшасынан


 


 




Көрілген: 953    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 09:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31