Тіл - тас жарады...

Оқу орнының басшылары жамандық жасауда жарысып бара жатқанға көбірек ұқсайды

  • Оқу орнының басшылары жамандық жасауда жарысып бара жатқанға көбірек ұқсайды

    Оқу орнының басшылары жамандық жасауда жарысып бара жатқанға көбірек ұқсайды

Білім министрі Асқат Аймағамбетов 1 қыркүйектен бастап жоғары оқу орындарындағы оқытушы-профессорлардың жалақысын көтеру туралы пәрмен бергені белгілі. Сол айлықты алысымен оқытушылар мен профессорлар байып кететін болды деп қатты қорыққан болуы керек, кей университет пен академия басшылары оларға айлықты сағаттық жүктеме арқылы төлеу деген желеуді тауып алып, дереу сол бойынша төлеуді ұйғарды. Бұл -- жұмыртқадан жүн қырқатын өте сараң басшылардың әрекеті! Былайша айтқанда, парадокс! Осы мәселені Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ Мәдениет және спорт министрліктері өз қарамағындағы білім ордаларын тексеріп, тиісті шара қолданулары қажет. Бұл -- оқытушыларды қанау. Олардың дәрежесін түсіру. Осы айлықты алу үшін ай сайын бірнеше құжатты толтырып, оны бухалтерияға өткізу керек. "Егер бір қағазы кем болса, айлық төленбейді" деп дікіңдейді бер жақтағы шаш ал десе, бас алатын ұр да жық орындаушылар. Бұл -- оқытушыны есеп-қисаппен айналысуға мәжбүрлеп, олардың алтын уақытын алу деген сөз! Мұнан басқа да қағаз жүзінде тапсырыңдар деген есептері көп. Олардың тізімін жазсақ, біраз қағаз шығын болады. Бұдан кейін сабақ сапасы туралы кімнен сұрайсыз?! Ел Президенті мен министр "қағаз толтыруды қысқартыңдар" деп қаншама рет пәрмен берсе де, оқу орындарының басшылары пысқырар емес. Қайта үдетіп барады. Сосын министр мырзалар, айлықты осы шолақ белсенділердің қалтасынан төлегенді қойыңыздаршы. Әйтпесе, қит етсе,  жалақыны өзі төлеп отырғандай "айлық бермейміз" деп қорқытады да отырады. Олар да бала-шаға асырап отыр ғой. Өз ақшалары өздеріне бұйырсын!
Бұл мәселе сіздерде қалай, әріптестер? Ой бөлісіңіздер. Екі министрлікке де нақты деректерді келтіріп, Ашық хат жазбаса болар емес. Ал ондай дерек пен дәйек кез келген оқу ордаларында бар. Қазір бір оқу орнының оқытушысы қағаз толтыру мен есеп тапсыру туралы жылап отырып айтса, екіншісі еңіреп отырып тыңдайды һәм қостайды. "Сізді кері тартып, төмендететін адамдармен бірге жүруден сақтаныңыз. Өзіне сенген адам ғана ұлы істерге бара алады" депті Марк Твен өткен ғасырда. Ал бұл ғасырдың білімді деген басшылары әлі сол ғасыр адамының пікірін жүзеге асырмақ түгіл, жетесіне жеткізе алмай келеді. Ұлы ұстаздардың етегінен тартып, оларды жүгірткеніне, жұмсағанына, шәкірттер алдында жер қылғандарына мәз.
Сіздер не дейсіздер, ардақты ағайын? Алла Тағала Құранда: "Жақсылық жасауда өзара жарысыңдар" деп бұйырған екен. Ал оқу орнының басшылары керісінше, жамандық жасауда жарысып бара жатқанға көбірек ұқсайды. Немене, олардың құлақтары бітіп, көздерін шел басқан ба? Адамды сынағың келсе, билік пен байлық бер дейді қазақ. Сол кезде ол шынайы бейнесін көрсетеді. Құдай ақырын берсін!

Ермахан Шайхы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1873    Пікірлер: 0

жұма, 09.10.2020, 15:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31