Тіл - тас жарады...

Олар билікті балға, халықты шеге секілді сезініп шындыққа обективті қарай алмайды

  • Олар билікті балға, халықты шеге секілді сезініп шындыққа обективті қарай алмайды

    Олар билікті балға, халықты шеге секілді сезініп шындыққа обективті қарай алмайды

Барлық автократқа тән ортақ бір ауру жүлгесі бар. Олар билікті балға, халықты шеге секілді сезініп бірде-бір шындыққа обективті қарай алмайды.
Сталинге байланысты мына деректі жап-жаңа ғана оқып, жағамды ұстадым.
XX ғасыр басында Владимир Бехтерев атты (суреттегі орыс ғалымы) бихевиоризм секілді су жаңа ғылым саласының негізін салған ғажайып тұлға болған.
1927 жылы қатты күйзеліске ұшырап, түн ұйқысынан айырылған Сталин осы ғалымды өзіне жекелей шақыртып алады.
Бехтерев бірінші басшы денсаулығын әбден жіті қарап, тексерістен өткізгеннен кейін, оған паранойя (есі ауысқан) деген нақты диагноз қояды. Осы ғылыми қорытынды жауабын естіген сәтінде-ақ Сталиннің күре тамыры білеуленіп Бехтеревті бірден жазым қылып, денсін өртетіп жібереді. Енді осымен ғана тынши салса жақсы ғой. Ғалымның ұлын да өлім жазасына кесіп, барлық еңбектеріне қатаң тиым салады.
Мұны арнайы жазып отырғаным, біздегі бір үлкен кісінің 2000 жылдардан кейін саяси карьерасында сыр берген альцгеймер симптомын айтамыз деп талай "Бехтеревтердің" бағылан басы қидаланып кетті. Сосын не болды дейсіз ғой?
Не болушы еді әйгілі Ежи Лец айтпақшы "ЕРГЕЖЕЙЛІЛЕР ЕЛІНДЕ ЕЛ БАСШЫСЫНА ТЕК ҮЛТКЕЙТКІШТЕР (лупа) АРҚЫЛЫ ҒАНА ҚАРАУҒА РҰХСАТ ЕТІЛЕДІ" дейтін жаңа қағиданың жаппай ләппай тақсыршылары пайда болып, міне, осылардың ғана айы оңынан туды.

Ықылас Ожайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2777    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 10:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31