Тіл - тас жарады...

Оларда қайбір ми бар дейсіз? Соны да мақтан көретін сияқты...

  • Оларда қайбір ми бар дейсіз? Соны да мақтан көретін сияқты...

    Оларда қайбір ми бар дейсіз? Соны да мақтан көретін сияқты...

Құрметті журналистер, сендерге бір өтініш!

Ойсыз, білімсіз әншілерден сұхбат алғанды қойыңдаршы! Оның уақыты өтіп кетті. Ол енді ешкімге қызық емес. Қайта адамның жүйкесіне күш түсіреді. Олар не айтады? Әрине, өз өмірін, жүрген-тұрғанын, кімге ғашық болғанын, кімнің алдап кеткенін... т.б осы тәрізді ұсақ-түйектерді сөз етеді. Біреудің өмірі кімге керек? Қызық па сол?.. Әлі де сол баяғы әнішлердің кіммен жүргені, бірінші әйелінен не үшін ажырасқаны, екінші әйелін неге тастап кеткені, үшінші әйелімен қалай танысып, бас құрағаны туралы хабарлар әлі де толастар емес. Немесе, "Бәтіркүл жас күйеуін көрсетті", "Сәтіргүл болашақ күйеуімен құшақтасып тұр". Болмаса, "ана әнші мына әншімен үйленеді екен?.." "Ана әншінің әйелі ұл немесе қыз тапты"... "Ана әншінің ұлы үйленіпті немесе қызы тұрмысқа шығыпты"... "Ана әншінің ұлы немесе қызы ажырасып кетіпті". "Төрәлінің қарындасы сұлу екен, күйеуге шығыпты"... "Қайрат Нұртастың келіншегі атасымен төсектес болыпты"... тағы сол сияқты өсек-аяңдар...
Мен қазір осындай хабарларды көрсем, жүрегім айнып, құсқым келеді. Сондай жиіркенішті! Соны қалай ұялмай айтады екен? Бірақ оларда қайбір ми бар дейсіз? Соны да мақтан көретін сияқты...
Құрметті журналистер, ондай арзан, жеңіл-желпі хабарларды қойып, елдік, ұлттық, халықтық мәселелерді көбірек жазыңдар, көбірек көтеріңдер, көбірек қаузаңдар!
Мен де он бес жылдай журналист болдым. Бірақ бір де бір рет біреудің өмірін, жүрген-тұрғанын жазған емеспін! Ол &ndash сорлылық! Енді қойыңдар, ондай ұсақ-түйекті термелеуді доғарыңдар!
ЕСКЕРТУ: Жаңа лентадан "Айдарқұлов бірінші әйелінен неліктен ажырасқанын айтып берді" деген хабарды көзім шалып қалып, тағы да қаным басыма шапты...
Неткен сорлылық?!.




Көрілген: 1386    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.10.2020, 15:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30