Тіл - тас жарады...

Өлім өткеліне айналған жолдың проблемасын шешсін...

  • Өлім өткеліне айналған жолдың проблемасын шешсін...

    Өлім өткеліне айналған жолдың проблемасын шешсін...

ӘКІМГЕ БӘРІБІР МЕ?


Адам өлді... Біреудің баласы, біреудің әкесі, бір отбасының асыраушысы... Ауруханада 3 адам жатыр, біреуі 3 жастағы бала: жағдайы ауыр, комада жатыр... Түнде Шамалғанның тұрғындары апат болған жерге жиналып, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов келсін, өлім өткеліне айналған жолдың проблемасын шешсін деп талап еткен. Әкімнен хабар жоқ. Кеше түні бойы Фейсбуктегі парақшасына ресми мәлімдеме жасайтын шығар деп күткенбіз. Жасамады. Түс болды. Әлі хабар жоқ. Алматы облысының тұрғындарына көңіл айтпады, проблеманы шешеміз деп уәде берген жоқ. Есесіне, парақшасында орыс бильярдынан өткен жарысынан сүйінші сұраған хабар тұр... Galymurat Zhukel, әкімнің жұмысы қауырт па соншалықты??? Президент Тоқаев бірден әлеуметтік желіден жазды, қайғылы жайттан хабары бар. Шара қолданатыны да анық.

Кешегі болған қайғылы жайт басқа аймақтарда да жиі кездесетіні жасырын емес. Бір ғана Алматының маңайын айтсақ, "Алтын Орда" базары жақ та өмірі иленіп жатады. Проблеманың шешілетін түрі жоқ. Әкімдердің көпшілігі мүдделі емес. Мүмкін барлық деңгейдегі әкімдерді халық түгел сайлауы керек шығар? Сонда жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды. Тұрғындардың проблемаларына құлақ түреді. Жалақысын сол тұрғындар төлеген салықтың есебінен алып, сол тұрғындардың арқасында бала-шағасын асырап отырғанын сезінеді. Мүмкін журналистер қауымы жиі мәселе етіп көтерсе, әкімдер түгел сайланатын шығар? Берік Уәли, Тоқаев не дер екен бұл мәселеге?


Нәзия Жоямергенқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1814    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 12:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Желтоқсан, 13:34
    Қайран Маман бай, қайдасың?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31