Тіл - тас жарады...

Өлімді де көре алмайтын халық бізде ғана ма?

  • Өлімді де көре алмайтын халық бізде ғана ма?

    Өлімді де көре алмайтын халық бізде ғана ма?

 Шыр шыр еткен халық. Басында сенбеді. Сендіре алмады! Неге? Вирус таралмай тұрып, кей дәрігерлер бос больницада вайн түсіріп, билеп, шоу жасап, жын ойнақ түсірді. Бәріне топырақ шашпаймын. Бірақ сондай дәргерлерлердің қылығын көз көріп, көңіл күпті болып, "жасарға жұмысы жоқ, қолы алдына сыймаған екен ақ халаттылардың, вирусы қайда қалды?" деп күмәнданғанымыз өтірік емес. Солар камераны шырт еткізгенде, бырт еткізіп белден басып,соларды кешірім сұрату керек еді. Өліммен ойнапты ғой! Оған мына күні бүгін өлімі көбейген өмір дәлел...
Бірнеше ай бұрын, вирус тарамай тұрып бір дәрігер "Балаларымның болашағы үшін қорқамын. Без содержания аламын" деп достарына айтып еді, ел алдында қолын қайырып тұрып,кісәпір етті.Сол дәрігер қайда? Сол кісінің қолына құлып, аузына қақпақ болғанша, вайн түсіріп, былқылдап билеп жүрген ақ халаттыларды тоқтату керек еді! "Болар іске болаттай берік бол" деп ұқтырған дәрігерді несіне жазалады?! Қайта о баста, аурудың алдын алуға тырысқаны, жұртты сендіруге талпынғаны үшін, камераға түсіріп, жұрт алдында сүмірейткені несі?. Міне сол жасырғанның азабын жалпақ жұрт тартып жатыр. Ауруын жасырған өледінің кері.
Кайрат Кудайберген көзінен жас парлап,сақтануды ескертіп еді,естіген жұрт жағасынан алып "Еркек емес ез, жылап тұрып видео түсірді. Өтірік ауырып жатыр " деп келеке етті. О,Құдай! Ауырған адамға жылаудың қажеті жоқ!Тұмау о бастан мұрыннан, көзден су ағызатыны белгілі емес пе?! Неге байыбына бармай жатып байбалам сала бересіздер?! Қайрат қара халықтың қамын ойлап, видео салғанын енді мойындап жатқан шығарсыздар?!
Далаға шықсам көрші қолаң қоршап алады.Бірі анасының,бірі баласының қамын айтып қабырғаңды қайыстырады.Бәрі бір ауыздан ауруханаға жатқызған жақындарының дәріге, ақ халаттылардың селсоқтығына, мейірбикелердің мейіріміне зәру екенін айтып ағыл тегіл.Ауруханаға кірерге тесігі жоқ.Шығаруға тағы болмайды.Ал іштегілер неге "бізге қарамай жатыр деп зар илейді?" Неге дәрі жоқ? Жаны қиналған адамға неге көңіл жоқ бізде?

Өліп кеткендерге тыныштық тағы жоқ."Ол кім еді сонша? Тірісінде не жасапты?" деп мазақ етсе,дертті болғандарды "Жасаған күнәсінің зардабын тартып жатыр.Сауап.Қашан өледі?" дейсіздер. Сұмдық!Өлімді де көре алмайтын халық бізде ғана ма?
Жанды берген Алла,жанды алатын да Алла,сұрайтын да сол жақ. Сіз адам ғанасыз. Өз артыңыздың б..ы одан сасық шығар бәлкім?! Қысыңыздар,сондықтан. Біреуге өлім тілгенше,өзіңізге өмір тілеңіз.
Сіздер,тірілер,біреуге тіл тигізбеуді қашан қоясыздар??Неге менің халқым сүрініп жатып, жығылғанға күледі? Қашан пиғылдарыңыз түзеледі, сонда ғана елде тыныштық орнайды!
УСПОКОЙТЕСЬ!!!
Одан да бұл ситуациядан қалай шығуды ойлайықшы. Ақылдылар ой тастап, ақымақтар қостап қана отырайықшы! Қарғап,сілеп, келеке мазақты доғарып,әркім өз қара басының қамын ғана ойласа ғой. Сіздерге біреудің өлгені,тірілгені,ажырасқаны, құлағаны,сүрінгені ғана маңызды боп кетеді ме деп қорқам кейде...
Біріңді қалдырмай жақсы көрем. Аспан асты, жер үстін аман алып қалайықшы. Не істеуге болады? Қайтсек аман қаламыз? - деген мәселе ғана тұр алдымызда!!! Ұстарасыз ақ мұрты аузына түскен, қайран жұртым, өз жұртым!
Куралай Сейсенбеккызы




Көрілген: 2796    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.07.2020, 16:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31