Тіл - тас жарады...

Орта білім жүйесін тоқтаусыз реформалау білім сапасын тым төмендетіп жіберді...

  • Орта білім жүйесін тоқтаусыз реформалау білім сапасын тым төмендетіп жіберді...

    Орта білім жүйесін тоқтаусыз реформалау білім сапасын тым төмендетіп жіберді...

PISA - 2018 халықаралық тестінің нәтижесі шықты. 15 жасқа толған баланың оқи алу, есептеу, жаратылыстану саласындағы қабілеттерін зерттейді. Құжатты қарадым:

Қазақстан - 78 ел арасында:

- Оқу - 69-орын.
- Математика - 54-орын

- Жаратылыстану 69-орын.
Меніңше, орташа көрсеткіш: 78 ел арасында 64-орын. Нәтиже нашарлаған. Министр жазғандай тестты бұрын қағазда жазып, былтыр компьютерде тапсырғаннан емес.

Орта білім жүйесін тоқтаусыз реформалау, сапалы ұстаз жетіспеуі, қалада 1 сыныпта 40 баланың отыруы, қаражаттың басым бөлігі НЗМ сияқтыларға жұмсалып, қатардағы мектепке аз қаражат бөліну және тағы басқа факторлар қазіргі мектептегі ұрпақтың білім сапасын тым төмендетіп жіберді. Себеп осылар.

Салдары. Бұл:
- адам капиталының күрт әлсіреуі
- келешектегі жүз мыңдаған сапасыз маман
- 5-10 жылдан кейінгі сауатсыз қоғам,
- 5-10 жылдан кейін қылмыстың өсуі
- 5-6 жылдан кейін ажырасулардың одан әрі артуы.

Қысқасы, жағдайды түзеу үшін меніңше, қазіргі министрлікті 1) Жоғары білім және ғылым. 2) Колледж және орта білім деп екі мекемеге бөлу керек. Еуропаның көп елі солай жасады. Ресей де 2 жыл бұрын осылай екіге бөлді.

Себебі ол уақыт талабына айналды.
Оқулық сапасымен айналысатын адам ғылымға инвестиция тартумен шұғылданбауы керек. Бүгін білім мен ғылым деген мүлде басқа екі бөлек индустрияға айналды.

Nurmukhamed Baigarayev
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2261    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.12.2019, 12:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29