Тіл - тас жарады...

Өскіміз келеді. Өскен соң бөскіміз келеді

  • Өскіміз келеді. Өскен соң бөскіміз келеді

    Өскіміз келеді. Өскен соң бөскіміз келеді

- "БАҚЫТТЫ болатындарыңа сенідер! СЕНІММЕН өмір сүріңдер!

- БАҚЫТТАН күдер үзбеңдер! ҮМІТПЕН өмір сүріңдер!

Кіммен өмір сүрмедік. Әсіресе осы екеуімен өмір сүргенімізге көп болды. Өткен шақта да, осы шақта да. СЕНІМ мен ҮМІТ қойында, Бақыт аулақта.

Аға буынның да, орта буынның да, кішінің де болашағы бірдей - бұлыңғыр. Тоба, соны мойындамайтынымыз да бар! Себебі, қойнымызда СЕНІМ, құшағыңда ҮМІТ.

Аялдама көп. Сәнді, сәулетті, көрнекті. Аялдама салып жатырмыз, салып жатырмыз. Ат қойып жатырмыз. Батырлар атындағы, бабалар атындағы, аруақтар атындағы,... БАҚЫТ деген аялдама жоқ. Салынбапты. Бақыт шыр айналып тоқтай алмай жүр...

Ол көктен де түспей қойды, жерден де өніп шықпады. Жерден тек тыңайтқыштарымыз өсетін болды. Немен тыңайтсаң соны орасың. Дәмі сол, үйреніп кеткен сенім мен үміттің даттанған дәмі.

Бәрі биікке шыққысы келеді.Арманы не? Төменге қарай түкіру. Былш. Бітті.

Таңдау қиын.

Алдымен туылады, сосын таңдайды.

Алдымен оқуға түседі, сосын таңдайды.

Жұмысқа орналасады, сосын таңдайды.

Алдымен үйленеді, сосын таңдайды. Біреулер содан кейін де таңдайды...

Бұрын мақсат бар еді, жағдай болмады.

Қазір мақсат та, жағдай да жоқ, озық өмір сүрудеміз.

Бұрын бірдеме керек сияқты еді, қазір бірдеме артық сияқты.

Бұрын бетке дақ, сүйекке таңба түсетін.

Қазір бет жоқ. Сүйекке евроремонт жасап тастадық. Бәрі "ақсүйек"

Дәрігер сенің қалай тірі жүргеніңе таң, сен дәрігердің қалай өмір сүріп жүргеніне таңсың.

Жұмыс істемей көп ақша тапқымыз келеді.

Сүймей сүйікті болғымыз келеді.

Өскіміз келеді. Өскен соң бөскіміз келеді.

Біреуді ұялтып, жерге кіргізе алмайсың. Себебі өзің кіретін тесік таппай жүрсің. Оны бірақ, сездіргің келмейді. Демек, сені де біреу дәмі бұзылған сенім мен үмітпен күтіп жүр...

Алдаймыз, алданамыз....

"Маған осы алданғаным ұнайды..." - дейміз. Ол "романтика" - дейді біреулер. Менікі онда трагиромантика.

Айтылмай қалған әніміз, жазылмай қалған хатымыз көп...

"Қалайсың?" - дегенге "Өзің?" - деп жауап береміз. Себебі қалай екеніміз өзімізге белгісіз...

Тоқтай тұрайын осымен. Өзгеден естігенімді өзімнің былшылыммен араластырып, "данышпан" болған түрім ғой.

Түк қызық емес. Уот тәк.


Асқар Наймантаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1940    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.12.2018, 11:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31