Осы айтқандарды жүзеге асыратын креслода шолжиған ағайынның іс тындырар иттігі жоқ-ау...
ИТТІГІ ЖОҚ АҒАЙЫН ҚАЙТЕР ЕКЕН?
Осы бұрын жайлауға барсаң қойшының екі-үш иті болатын. Төбеті де, қандені де бар, тұқымы да, рулары да, ұлты да бөлек. Бірақ, бәрі қой қайтарғыш еді солардың. Қойшылар соны оларға уақыт бөліп үйретпейді, өздерінің иттігі сол. Бір кләстастың әкесі киіз үйден атып шығып “Өй, әкеңніңаузы, кетті ана мал!” - дегенін ести сала ағамыз атына мінгенше малдың алдынан шығып, тіпті аулаққа кеткен есекті кері айдап келген итті көргем...
Бүгінгі жолдауды есінемей отырып көріп шықтым. “Президент жақсы айтты, орынды айтты!” - дегендердің санын мен де көбейтем қазір. Тек құрғыр, осы айтқандарды жүзеге асыратын креслода шолжиған ағайынның тұра шауып, іс тындырар иттігі жоқ-ау... “Кетті әне!” - дегенде бірден кірісіп кететін қасиет қонбаған. Бүгіннен бастап бұрқыратып жазып, телебізірден көсіле сөйлеп, желіде желіп, сосын желі шығып кетеді. Бітті.
Әй қайдам, иісшіл иттігі де жоқ қой олардың.
Асқар Наймантаев
Фейсбуктегі парақшасынан