Тіл - тас жарады...

Осы бетімен кетсек құжатсыз Қазақияға айналамыз...

  • Осы бетімен кетсек құжатсыз Қазақияға айналамыз...

    Осы бетімен кетсек құжатсыз Қазақияға айналамыз...

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ атану неге соншалықты қиын?

 

Фотодағы 5 бала өмірде бар, санатта жоқ. Әйтеуір, Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Жаңа ауыл ауылында өмір сүріп жатыр. Анасы Юлдуз Қарақалпақстанда туған, жергілікті жігіт Мейірбекпен үйленді, 5 бала туды. Шекарадан қалай өткені белгісіз, әйтеуір, құжатсыз. 5 баланың алды мектепке баруы керек болып 2018 жылы Юлдуздыды қалтасына ақша салып, тарихи Отанына аттандырды. Айыппұл төлеп, құжатын алып қайтып келсін деп. Емшектегі 2 айлық кішкентайын #спокойно тастап анасы Өзбекстанға аттанды. Өкінішке орай содан оралмады.


Өткен аптада #наконецто жаңа паспортын алған Юлдуз Мәскеуге кеттім, мені күтпеңдер деп тілдей сәлемдеме жіберіпті.


Енді мына 5 бала мәңгі-бақи құжатсыз өтеді. Бұл туралы ауыл әкімі, полиция инспекторы, мектеп, #нұротан білгенімен қолдарынан түк келмейді.


Қаскелең. 26-дағы Динара, 14 жасар Нұрлан, 9 жасар Кәмила туғалы құжатсыз. Анасы Қарақалпақстандыкі. Туу туралы куәлігі жоқ. Анасы жас жігітпен кетті, әкесі уақытша анықтамамен қалды. Баланың үлкені күйеуге тиді, одан туған балаларда да құжат жоқ.


Талдықорған.
Нұрлан Саягүлді ұнатты. Қосылды, ұл туды. Алайда, Саягүл Қарақалпақстанда туғандықтан паспорты жоқ, #естественно баланың да туу туралы куәлігі жоқ.


Базархановтар. Нарынқолда туды, өсті.Әкесі де, шешесі де жергілікті қазақ.Алайда, 90-шы жылдары ішіп жүріп, балалардың құжатын алмаған. Енді қазақтың кең даласында қазақтан туған балалар құжатсыз.


Шымкент. 13 жасар Алпамыс құжатсыз, мектепке барып көрмеген. Кезінде оң босағада отырып босанған қыз нәрестені көршіге беріп, өзі тыныш күйеуге тиіп кетті. Салдарын жасөспірім тартуда.


Алматы обл. Қарақастек ауылы
, Светаның жасы 30-ға жуықтады, әлі төлқұжатсыз.


Алматы. Ағайын-туыстан ұялып, үйде босанып қойған Сәлима енді 16 жасар қызына төлқұжат ала алмай қиналуда...
 

Ақтөбе. 33 жасар Ержан құжатсыз, соның кесірінен сауатсыз. Өмірі мектепке бармаған, сөйлей алады жаза алмайды.


Түркістан. Жұман кеш үйленді, әйелі қырғыз. Шет ел азаматтарын уақытша тіркеу проблема, ҚР азаматтығын алу ұзаақ созылған соң әйелі Мейрамкүл қызын алып Бішкекке кетті. 7 күнде Қырғызстан азаматтығын алып оралды. Өкінішке орай, 4 күн бұрын Мейрамкүл қызын қолынан ұстап Бішкекке қашып кетті. Дәл қазір шалғай ауылда қартайғанда көрген қызығы, қызын сағынған әке Қырғызстанға мойын бұрып ішқұса болып өлетін болды.


Ұзынағаш. Қарақалпақстаннан көшіп келген Эльмира жергілікті жігітпен бас қосты. Алайда, өз құжаты жоқ болғандықтан 3 қызы құжатсыз.


Айта берсем, Қазақстанда туған қазақтың құжатсыз баласы жетерлік. 


Сонда қалай, 20 жыл бұрын бір кісі "Жер бетінде тарыдай шашыраған қазақ тарихи атамекенге келіңдер, құшағымыз ашық" деп жар салып, сырттағы қандастың бәрін шақырды, алайда механизмін жасамады. 


Мысалы, АҚШ-қа табан тіреп толғатсаң балаң бірден Америка азаматы деген құжат алады. Оларға оның нәсілі, діні, әке-шешесі кім екені бәрібір. (Тек ата-анасының бірі дипломат болса ол нәрестеге АҚШ азаматтығы берілмейді)


Сол сияқты, біздің ҚР азаматтығын алу процесін де жеңілдету мәселесімен мықтап айналысу керек! Бұған жалғыз көші-қон полициясының әлеуеті жетпейді. ҚР ІІМ + ҚР Әділет министрлігі + ҚР СІМ, тіпті, Үкімет, Сенат, Мәжіліс, қажет болса Президент бірлесе отырып шешпесе осы бетімен кетсек құжатсыз Қазақияға айналамыз.


Сонда бұл балалардың кінәсі не? Әкесі Қазақстанда туған қазақ бола тұра оның баласы неге Қазақстан азаматы емес???
#даудамайсыз редакциясына ең көп хабарласатын құжатсыздар мен алимент өндірте алмай жүргендер. 


Бұл мәселені нақты бағдарламаға енгізген біреу бар ма, ау, праймеризшілер?

 

 

 

 

 

Гульмира Абыкай
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1654    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.09.2020, 17:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30