Тіл - тас жарады...

Осыдан кейін болашақ ұрпақ тарихтың қай тұсына сенеді?

  • Осыдан кейін болашақ ұрпақ тарихтың қай тұсына сенеді?

    Осыдан кейін болашақ ұрпақ тарихтың қай тұсына сенеді?

Арада оншақты жыл ғана өткеннің өзінде қоғам өміріндегі көп дүние көмескіленіп, ұмыт бола бастайды. Мұндай мерзімде «жас өсіп, жарлы байып» дегендей жаңа буынның пайда болатыны тағы бар. Халық барлық дүниені есте сақтай бермейді, ішінара ілуде бірі ғана болмаса. Уақыттың осындай «ұмытшақтығын» тиімді пайдаланатын пысықайлар көп. Олар «өтірікті шындай, шындықты құдай ұрғандай» етіп, кейбір деректерді көпе-көрінеу бұрмалайды, әркім өз әкесін, жақын-жұрағаттарын орынды-орынсыз дәріптейді. Қысқасы, жоқтаушысы барлары зорайып, ешкімі жоқтары еленбей көмескі тарта береді. Асылы, тарихқа азды-көпті болсын, ондай қиянат жүрмес болар. Бірақ, жүріп тұр. Өзің көз көрген, әбден таныған әлде кімді көзіңді бақырайтып қойып, оның қарасын да көрмеген қайдағы бір «данышпан» жер-көкке сиғызбай мадақтағанда не деріңді де білмей қаласың. Сол бір «тарихи тұлғасын» неғұрлы білмесе соғұрлы көзсіз табынады. Бірдеме десең, сыңарезулеп бой бермейді. «жындымен жынды болмау» үшін қолды бірақ сілтейсің. Осыдан кейін болашақ ұрпақ тарихтың қай тұсына сенеді?


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1317    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.12.2018, 09:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31