Тіл - тас жарады...

Осыған күлуге бола ма? Күлген адам ақымақ қой...

  • Осыған күлуге бола ма? Күлген адам ақымақ қой...

    Осыған күлуге бола ма? Күлген адам ақымақ қой...

  • Осыған күлуге бола ма? Күлген адам ақымақ қой...

    Осыған күлуге бола ма? Күлген адам ақымақ қой...

ИМПОРТТЫҚ ТАУАР ДА ШАЯН СИЯҚТЫ

Cоңғы аптада Президент Қасымжомарт Тоқаевқа өздері жасап шығарған пластик шлапшын көрсетіп тұрған суретті әлеуметтік желіде келекелеп жазғандар жиілеп кетті. Құптаған біреуін көрмедім. Мүмкін көзіме түспеген шығар. Менің ойымша, бұл келекелейтін нәрсе емес. Қайта отандық бұйым жасап шығарғаны үшін қолдаған жөн. Төбемізге көтерген дұрыс. Бұл жігіттер пластиктен бұйым жасау технологиясын игеріп тұр ғой. Бүгін бала шомылдыратын шлапшын жасаса, ертең пластик қайық, тіпті одан да зорын жасайтыны анық.
Осы суретке келекелеп сөз жазу дегеннің өзі қазақтың қасіреті. Отандық бұйымға деген надан көзқарасымызды білдіреді.
Маңайыңа назар жықшы, көзімізге не түссе, соның бәрін жасаған басқа мемлекет болып шығады. Қазақстанда жасалған деген зат сирек. Біз тек сатып алушымыз. Біреуді байытушымыз. Біреуді байыта түскен сайын, өзіміз кедейлене береміз. Бұдан былай импорттық заттарға басқаша көзқарас қалыптастыру керек. Импорттық тауар бізді теспей соратын улы шаян деп білейік. Біз қасқа болғанда, импортқа алғашқы махаббатымызды ұшырастырғандай құшақ жая ұмтыламыз ғой. Не деген білместік! Импортқа ұмтылу, орға ұмтылумен тең. Осыны түсінейік.
Әне бір жылы бір құдалыққа бара қалып едім. Сонда көрген дарақылық әлі күнге есімнен шықпайды. Есіме түскен сайын ұялып кетем.
&ndash Мынау құдама, итальянский дубленка! Мынау құдағайыма, грецкий шуба! Мынау құда балаға, швейцарский часы! Мынау... мынау...
Масқар-а-а! Қазақстандікі деген бір заты жоқ. Алтын да басқанікі, күміс те басқанікі. Қыл аяғы құда-құдағайдың көрші-көлеміне таратылған оюлы шапандар да қырғыздікі.
Әңгіме мына суреттен шығып жатыр ғой. Тексеріп қарасам, бұл Солтүстік Қазақстандағы пластиктен бұйым шығаратын зауыттың өнімі екен. Зауыт жалғыз шлапшын шығармайды екен, 500 түрлі зат шығарады екен. Ол заттарын Ресейге сатады екен. Зауытта 1500 адам жұмыс істейтін көрінеді. Қандай тамаша! Ал енді осыған күлуге бола ма? Күлген адам ақымақ қой.

Нұрлыбек Саматұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3156    Пікірлер: 0

жұма, 25.12.2020, 10:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31