Тіл - тас жарады...

Отандық арналарды әзілкештер билеп-төстеген заманда қайдағы интеллектуал ұлт?

  • Отандық арналарды әзілкештер билеп-төстеген заманда қайдағы интеллектуал ұлт?

    Отандық арналарды әзілкештер билеп-төстеген заманда қайдағы интеллектуал ұлт?

Шай ішкенде теледидар қосылып тұрады. Қалайсың, қаламайсың қарайсың. Бір каналда Қанат деген әзілкеш "Қазір халықтың жағдайы жақсы. Жақсы екенін балықтан байқайсың. Балыққа нанға сары май жағып бересің, сосын..." Сосын не жағып беретінін естімедім. "Ауыстырыңдаршы. Ақыры ешкім көріп жатқан жоқ қой" дедім.
Осыларды неге жылтыңдатып шығара береді десем халықтың есіне жағдайының жақсы екенін салып тұрады екен ғой. 
Өткенде Тоқаевтың интеллектуал ұлт қалыптастыру туралы сөзі фейсбукты шарлап жүр еді. Интеллектуалды ұлт қалыптастыру отандық арнасын Қабатов, басқа да әзілкештер, әншілер "билеген" заманда қиял ғана, арман ғана...
Мысалы, біздің ауылда (Жетісай) "Қазақстан" және "Хабар" арнасын ғана көрсетеді. Басқа отандық арналарды қосу үшін "Отау тв" қосу керек қой деймін. Көп үйдің оны қосуға жағдайы жоқ, ал кейбірі құнттамайды. Қысқасы, халықта "Қазақстан" арнасы мен "Хабарды" көруден басқа таңдау жоқ. Ал телеарна басшылығына ауыл адамдарының Қабатовтан, жалпы арзан қалжыңға әуес әзілкештерден, мағынасыз, ұйқассыз "ән" айтатын әншілерден жалыққанын ескеру қайда? "Рейтинг" дейді. Ол байғұстарда басқа таңдау болмаған соң телеарнаны қосып қоятынын қайдан білсін? Әлде халықты топастандыру саясаты жүріп жатыр ма?

Ал Тоқаев "интеллектуал ұлт қалыптастыру керек" дейді. Отандық арналарды арзан қалжыңымен әзілкештер мен көше әнімен әншілер билеп-төстеген заманда қайдағы интеллектуал ұлт?

Ая Мантай
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 1457    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.01.2020, 11:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31