"Отыз елдің" қатарына қосылу бәлкім, ХХІІ-ші ғасырда боп қалар...
Әлігі айта беретін "отыз елдің" қатарына қосылу бәлкім, ХХІІ-ші ғасырда боп қалар. Тек, әзірге көлеңкесін көріп тұрған жоқпын. Озық елде "Бәрі-адам үшін!.." Бізде, үлкен жолдың бойында елді мекеннің адам жүретін тротуары жоқ. Қаламен екі орта кіл елді мекен арқылы жүретін жол. Жағалай сол, қазақы ауыл. Бәрі қиқу тірлікке асығыс. Ал, аялдамаға жету үшін - күре жолдың жиегімен жүруге мәжбүр. Жәй. Заулаған машиналармен жағаласа жол жиегінде жүгіріп бара жатқан баланы көріп, Жаратқаннан апатқа ұшырамауын іштей тіледім.
Сая Қасымбек
Фейсбуктегі парақшасынан