Ой-сананың отарсыздануына өзіміз қарсымыз...
Бір ғасыр бұрын қараша, желтоқсан айында қазақ арыстары екі мемлекет жария етті - Түркістан және Алаш автономиясы. Екіншісі дәл осы 12 желтоқсанда болған. Алаш! деп ұрандағанды ұнататын партиялар мен депутаттар бүгін сол тез күйреген мемлекеттерді қабырғасы сөгіліп еске алып жатыр. Ал сол сәтте ресейлік партияның өкілі, Дума депутаты: Қазақстан болмаған тарихта, - дей салды. Біздің "сыпайылар" естімеген секілді?! Хабардағы Владимир Познер: Қазақтар болды ғой...- деп қипақтағанымен аса қарсы пікір айта қоймады. Көкейіне жаққандай. Ал біздің елдегі ірі арналарда "Әбілқайыр хан Ресейге өз еркімен қосылмаған" деген пікірді қиқалап түсініксіз етіп барып эфирге әзер жібереді. Ой-сананың отарсыздануына өзіміз қарсымыз. Парадокс.
Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан