Тіл - тас жарады...

Ойпырымо-ой, қазақ боп тумағанда құрыған екенбіз…

  • Ойпырымо-ой, қазақ боп тумағанда құрыған екенбіз…

    Ойпырымо-ой, қазақ боп тумағанда құрыған екенбіз…

Соңғы апта Тәуелсіздік туралы бейнеклип жауған апта болды. Соның біреуін ашып қалсам: «Қазақ болып тумағанда не етер ем?» деп сарнап қоя бергені. «Ойпырмай, ә! Шынында не етеді екен?» Еріксіз құлақ түрдім. Сөйтсем, масқара, қазақ болып тумаса бұл жалғаннан бақыт таппай өтеді екен, желдей жүйрік жылқы мінбей, аламанда ат оздырмай кетеді екен, өкінішпен өте өртенеді екен екен… жеті атасын жаттай алмай кетеді екен, тағы-тағы... Құдай сақтасын! Әр жолын оқыған сайын еріксіз басыңды шайқайсың. Мынаған салсаң анау жапоның да, немісің де, тіпті ағылшының да бақытсыз, сорлы екен. Дүние жүзінде ең мықты, ең құдіретті қазақ екен? Пәлі, деген екен.

Соңғы қатары тіпті сорақы, қазақ болып тумаса қадірі қашып, қарны ашып өтеді екен. Ай-ай-ай, сұмдық-ай! Мынаны жарияға жар салып айту былай тұрсын, ойлаудың өзі ұят, мұндай қисынсызды кім екен өлең қылған? Кім екен оған клип түсіріп, арам тер боп жүрген?

Енді сұмдық, айта алмаймын.

***

Интернет» ақтарсам, мәтіні де жүр. Міне! Интернете қалай болса, солай беріп отырмын, қатесін тигенім жоқ.

Қазақ болып тумағанда нетер ем?

Бұл жалғаннан бақыт таппай өтер ем

Желдей жүйрік жылқы мінбей жалғанда

Аламанда ат оздырмай кетерем

Қазақ болып тумағанда нетер ем

Өкінішпен өртенер ем өте мен

Қасиетті домбыраны қолға алмай

Қоңыр үнді әуелетпей кетер ем

Қазақ болып тумағанда нетер ем?

Қалай басқа байрақтарды көтерем

Жеті бірдей қазынамнан айрылып

Жеті атамды жаттай алмай кетер ем

Қазақ болып тумағанда нетер ем?

Қонақ жайлық жайын білмей өтер ем

Қымыз шұбат қазы-қарта құрт майсыз

Қадір қашып қарным ашып өтер ем

Ойпырым-ой, ойпырым-ой… басқа не дейсің, өлең деп әлдеқандай қып жазып отырған басқа емес, өз бауырың болса…

Нұрлыбек Саматұлы
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3792    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.12.2019, 12:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29