Тіл - тас жарады...

Өз абыройын өзі төгіп жатқан халықтың болашағы жарқын дегенге кім сенеді?..

  • Өз абыройын өзі төгіп жатқан халықтың болашағы жарқын дегенге кім сенеді?..

    Өз абыройын өзі төгіп жатқан халықтың болашағы жарқын дегенге кім сенеді?..

ҰЯТ.


Наурыз айында карантин басталғалы бері əр тəуліктегі 24 сағаттың 22 сағатын үйде өткізіп келемін. Таңертең екі сағат өзен жағасында серуендеп, жаттығу жасап, бір күнге жетерлік қуат жинап үйге қайтам. Жолай дүкеннен азық-түлігімді ала келем. Болды. Содан кейін үйден шықпаймын. Жетіскенімнен емес, амалсыз солай етем. Өзімнің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіргім келмейді. Жауапкершілік мəжбүрлейді. Кейбіреулер мұнымды əпендешілік деп бағалайды. Не көрінді соншама деп жазғыратындар да бар. Не айтарсың бұған? Дəп қазіргі пандемия жағдайында менің жасымдағыларға осылай сақтанудан басқа амалды көріп тұрғам жоқ.
Мəдени "түрмеде" отырып жынданып кетпеуден сериалдар құтқарады. Əлеуметтік желілерге де көп шықпайтын болдым. Жаңалықтарды да көп қарамаймын. Қаралы хабарлар қайыстырып жіберді.

Кореяның "Ханзада Жумонгі" мен түріктің "Сүлеймен сұлтанын" бірнеше жыл бұрын көргем. Негізгі мазмұны есімде қалғанымен, сюжеттік детальдерін ұмытыппын. Қайталап көріп жатырмын. Жай қарамаймын, екі цивилизацияның тарихы мен екі халықтың болмысын, мінез-құлқын, даму үрдісін, мəдениетін салыстырам. Сериалдарды көре түскен сайын əр адам, əр халық өз тағдырының негізін өз қолымен, əрекетімен, пейіл-пиғылымен, парасат-паймымен қалайтынына көзім жете түседі.
" Ұзақ уақыт келе алмай сізді уайымға салғаным үшін кешіріңізші!" дейді, ханзада Жумонг анасына. Ал ол келмейін деп келмей қойған жоқ. Ұзақ уақыт өлім аузында жатып келе алмады. Ол осындай себептен келе алмадым деп ақталмайды, қалай болғанда да ұзақ уақыт келе алмай, анасын уайымға салғаны үшін өзін кінəлі санайды. Не деген парасаттылық!
Мемлекеттің негізін құрайтын халық десек, парасатты халық қана гүлденген мемлекет құрай алады.
Кінəні өзіңнен емес, біреуден іздеу, туындаған мəселені шешуге барынша ат салысудың орнына басқаның иығына аудара салу мемлекетті құрдымға кетіретін əрекет. Ондай халықтың болашағы жоқ! Ондай халықтың бірі болу ҰЯТ!
Бірін-бірі кінəлай жағасына жармасып, СЕН ҰЯТСЫЗСЫҢ, жоқ, мен емес СЕН ҰЯТСЫЗСЫҢ деп, өз беттерін өзі шиедей қанатып, өз абыройын өзі айрандай төгіп жатқан халықтың болашағы жарқын дегенге кім сенеді?..

 

Гүлмәрия Барманбекова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2271    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.07.2020, 10:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31