Тіл - тас жарады...

Өз басым қазір "пантүркизм" деп далақтап шапқылайтын кісілерге үлкен күмәнмен қараймын

  • Өз басым қазір

    Өз басым қазір "пантүркизм" деп далақтап шапқылайтын кісілерге үлкен күмәнмен қараймын

1) 1918 жылы ақпан айы, Қоқан өкіметі құлап, Мұстафа Шоқай Тәшкенге қашып келе жатқанда жолда оны басмашы боп жол торуылдап жүрген Ферғана сарттары тоқтатады.

"уай кімсің тоқта!" дейді сарттар.

- мен Мұстафа, қазақпын.

- мұсылмансың ба өзің?

- иә, әлхамдуллилах, мұсылманмын.

- қазақтар қашаннан бері мұсылман еді?

- әлмисақтан бері.

- қазақтардың мұсылмандығына күмәніміз бар, иманыңды немен дәлелдейсің?

"тәухидіммен" деп Мұстафа тұрып алып құран аяттарынан дұға сөз оқыса да сарттар оны жазатайым өлтіріп қоя жаздап, Мұстафа олардан әрең босап шығады.

Осы оқиғадан кейін бір айдан соң Тәшкеннің "түркістан ұшқыны" газетінде Мұстафа сарттарға өкпе айтып, "қайран өз елім, қайран қазақ қырғызым сен аман бол" деген мағынада мақала жазады.

Өмір бойы түркі деп кеткен Мұстафаның өмірінде де сондай түркіліктен түңілген кезең болған екен. Адамзатты тек "мұсылман - кәпір" деп қана қабылдайтын қараңғы тобыр "Түрігім - Түркістаным" деген Мұстафадай интеллектуалының идеясын түсініп соны дер кезінде танып, азаматын да дұрыс бағалай алмапты.


2) Өз басым қазір "пантүркизм" деп далақтап шапқылайтын кісілерге үлкен күмәнмен қараймын. Жасыратыны жоқ, өзім іштей "бұл одақ тек руһани шекарадан ғана аспай қалады ау" деп те ойлаймын. "Әр үйдің салты басқа иттері қара қасқа" демекші, бұлар тым әртүрлі халықтар ғой.

Мысалы, ұйғырлар - тараншы, яғни тілі ғана түркіленген сүйегі тараншыдан тұратын тәжік тектес халық.

Қазан татары - бұлғарлар, яғни тілі түркі угор халқы.

Қазіргі өзбектер - қазақ пен тәжіктің шатысы. Өзбектер бір ғасыр бұрын өз нәсілін (ұлттарын) қала атауымен ажырататын бопты. Фарғони - ферғаналық, Хожанди - ходженттік дегендей.. Ана Бұхара, Наманган, Самарқан дегеніміз кәдімгі фарси - тәжіктер мекені болады.

Анадолы түріктері - түркіленген византия халықтары.

Қарашай - малқар - тілі түркіленген аландар.

Түркі дегеніміз тілдік одақ қой.

Ал бұлардың басын ұқсас тілдермен біріктіру деген.... Парсы мен түркіні, бұлғар мен аланды, оғыздың жұғыны мен алтайлық көшпендіні қосу дегеніміз утопия сияқты...

Қысқасы, пантүркистерге қажымас ғасырлық қайрат тілеймін.


3) Меккеге қажылыққа барған марқұм көкем түр - пішіні қазақтан айнымайтын бір кісіге қалбалақтап жетіп барып амандасып жөн сұрасыпты. Көкем "кім болдыңыз, қазақпысыз? " десе, ол басын шайқап "жоқ, мен қазақ емеспін, мен қоңыратпын" депті, "Иран қоңыратымын, бірақ түбім сендер жақтан, шежіремді білемін" деп салыпты қоңырат.

Ресейдегі сібір татары деп аталатын халық та шежіре санаған халық екен, келбеті қазақтан айнымайды, оларға "қазақсыз ба" десеңіз, "жоқ сібір татарымыз" дейді. Әлемде әлі қанша осындай белгісіз шежірелі халықтар бар екен?.

Әлемде ноғай, (3 - 4 млн) башқұрт, (2 млн) ауғандық хазар, (4 - 6 млн), қарақалпақ (1.5 млн), өзбекстандық көшпелі өзбек (?), ауған өзбектері (3 - 4 млн), сібір татары (400 мың), қазақ (18 млн) тағы басқа ұсақ ұлыстар шежіре иемденіпті.

(Бұл тізімге сүйегі жақын деп қырғыз, хакас, алтай, төлеңгіт, телеу сынды халықтарды қосуға болады).

Бұл халықтарды генетикалық код - шежіре біріктіреді екен.

Жаһанда осылардың арасында мемлекет ұстаған шежірелі халық тек қазақтар ғана боп шықты.

Қазақтар туын биік көтере түссе, бауырына тартатын ет жақындары осылар екен. Баяғыда түркі қағанаттары, түркінің бір супер тайпасы байрағын биік көтере қалса, оның бауырлас ру - тайпалары дереу қасынан табылып олар тез арада қағанат боп құрыла қалады - мыс. Сондай үміт бар.


4) Күндердің бір күні экономикасы шарықтап күрт дамуға бет алған Қазақия өкіметі халық санын көбейтеміз деп батыл әрекеттерге көшетін болса, ол алдымен өзінің айналасындағы шежірелі бауырларына көз салатыны анық. Менің есебім бойынша жоғарыдағы шежірелі көшпелі халықтан (тек қана шежіресі бар халықтан) 5 - 7 млн халық сыпырып алуға болады екен. Бұл халықтардың бәрі қиын жағдайда отыр, құдды құдайдың өзі бұларды бізге қарай бағыттап отырғандай.

Сыртта 5 млн этникалық қазақ бар және біздің запаста саны сонша болатын бауырлас халықтар бар.

Ал бізге қысқа мерзімде 30 - 40 млн халық саны керек, өйткені біздің географиямыз сондай - "дереу іргелі ел құрыңдар, әйтпесе құрисыңдар" деп тұр.

Меніңше, БҰЛ - біз үшін "алыс та болса жақын жол", яғни утопиялық пантүркистер идеясына қарағанда қолдан келетін шаруаға келеді, бұны істеуге болады.


Олжас Әбіл

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2774    Пікірлер: 0

жұма, 20.09.2019, 11:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Желтоқсан, 13:34
    Қайран Маман бай, қайдасың?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31