Өз отаныңда өгей болғаннан артық өкініш жоқ шығар...

29 қазан 2019, 11:53

Бір жігіттің әлі жарияланбаған кітабынан:

Біз сындық. Рухымыз көкті аңсайды. Байырғы өрлігін көксеп, самғағысы келеді, тек шарасыз. Жауынгер ғалым емес. Ол диқан, саудагер де емес. Мұны жақсы білеміз. Әйтпесе, "Білекті бірді, білімді мыңды жығады" демес едік. Жастарымыз кіреші болып топырлап, базар мен вокзалда жүкші болып жүр, ауылдағысы сілейіп арақ ішіп, төбелесіп, қалаға келе қалса тапқан бұрышын паналап, жылтыраған "қалалықтарға" кіжіне қарап күн кешіп жатыр. Шарасыздық қой.
Өз отаныңда өгей болғаннан артық өкініш жоқ шығар...

Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан