Өз тілін білмейтіндерді ағылшындар "есалаң" дейді
"Туристік полиция құрылды" деп жатыр. Қош делік. Оған қандай талап қойылады? Ең бірінші, ағылшын тілін білуі керек, екінші, Қазақстан тарихын білуі керек екен. Қазақ тілі қайда? Ең бірінші қазақ тілін, сосын ағылшын тілін білуі керек. Өз тілін білмесе, өзге елден келген қазақтар қайтеді? Жалпы өз тілінде сөйлей алмайтын осы сала полициясы кімге керек? Сырттан келген ағылшындар күліп кететін болады ондайда: бұлардың бәрі есалаң екен деп. Өйткені өз тілін білмейтіндерді ағылшындар "есалаң" дейді.
Дурәлі Дүйсебай
Фейсбуктегі парақшасынан