Тіл - тас жарады...

Өзімізді не үшін алдаймыз, түсінбеймін...

  • Өзімізді не үшін алдаймыз, түсінбеймін...

    Өзімізді не үшін алдаймыз, түсінбеймін...

Өзімізді не үшін алдаймыз, түсінбеймін. Осында қанша ұстаздар қауымы отыр, мүмкін ойыммен келіспейтін шығар. Бір жыл бұрын диссертация қорғайын деп шапқылап жүрдім. Ал жинаған құжаттарыма қарасам, Нобель премиясын алатындай әсерде болдым. Сансыз құжаттар. Ананың пікірі, мынаның ойы деген сияқты. Үш адамға барып пікір жаздырып, қол қойдырып сабыласың.
Сонда кімді алдап жүрміз? Біріншіден, ешкім де сенің диссертацияңды, дипломыңды оқып жүрмейді. Профессор, оқытушы болсам менде оқымас едім. Жындымын ба, біреудің 100 беттік жазбасын оқып, уақыт жоғалтатын. Оданда басқа шаруамды бітірмеймін ба?! Сондықтан барлық пікірді өзің жазып барып, пікір білдірушінің мүбәрак қолын қойдырып алу ақиқи шындығын мойындау керек қой.
Екіншіден, диссертация, диплом қорғаған сәтте комиссиямыз әртіс бола қалады ғой. Әлгі пікірді расымен профессор жазғандай маңғаздана оқып отырады. Жалпы сенің диссертация, дипломыңды жетекшің екеуің білсеңдер жеткілікті деп санаймын. Екеуара ой мен ақпарат алмасып, жақсы жұмыс жасалса болды. Ал қалған құжат жинау артық сияқты. Менің көзқарасымда диссертацияға жұмыстың өзі мен антиплагиат нәтижесі ғана керек, қалғаны қажет емес макулатура.
Елімізде жылына ондаған мың диплом мен диссертация жазылады. Былай қарасаң жартылай ғылыми жұмыс. Бірақ ғылым да, ғалым да көрінбейді. Кейде тіпті "осы керек па" деп те ойланып қаламын. Че там, диплом қорғау басталып кетті ма?)


Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1547    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.06.2020, 09:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31