Өзің жаңа үкіметке ылғи бұрынғы кадрларды жинайтын біздің өкімет сияқты екенсің!
Өзің өкімет сияқты екенсің
Қожанасыр есекке мініп келе жатқанда ол да есекке мінген танысын жолықтырады.
- Ал, не жаңалық? - дегенде анау қолындағы қамшысын көрсетіп:
Танысының қамшысын алып қараған Қожанасыр:
- Мынауыңның қайысы бұрынғы ескісі ғой, - депті.
Көршісі оған бой бермей:
- Қожеке, дұрыстап қарасаңшы. Қайысы ескі болғанмен, өрімі жаңа ғой, - демей ме.
Сонда Қожанасыр танысына:
- Өзің жаңа үкіметке ылғи бұрынғы кадрларды жинайтын біздің өкімет сияқты екенсің! - деп бұрылып жүре беріпті.
Қайнар Олжай
Фейсбуктегі парақшасынан