Тіл - тас жарады...

Өзін осындай күйге түсіру үшін қандай жуас, қандай бейшаралықта болу керек?!

  • Өзін осындай күйге түсіру үшін қандай жуас, қандай бейшаралықта болу керек?!

    Өзін осындай күйге түсіру үшін қандай жуас, қандай бейшаралықта болу керек?!

ОЛЖАС АЙТҚАН ЕДІ...


...Мен өзім үшін қазақтардың тарихын қалыптастыра бастадым.1958 жыл еді. Мәскеудегі Ленин кітапханасының жабық архивін аштым. Жаным жылады.
1926 жылғы санақ бойынша: қазақтар Кеңес Одағындағы «түркі тілдес ұлттардың ішіндегі ең ірісі – 6 млн. 200 мың адам».

Ал, 1939 жылы екі миллиондай ғана қалыпты. Осы сандардан өне бойым мұздай боп қалтырап кетті. Аз ұлт атану бақыты үшін осынша құн төлеген басқа қандай халық бар екен? Өзін осындай күйге түсіру үшін қандай жуас, қандай бейшаралықта болу керек!..
Олжастың осы сөздерін СССР Халық депутатығына кандидат кезінде ауылыма арнайы келгенде естігенмін.
Олжас Сүлейменов ұлтымыздың осындай ақтаңдақтарының себеп-салдарын іздеп, ақиқатты айтқаны үшін де кейбір керенауларға жақпайды...
Барлық трагедияның орындаушылары бар. Біз төрт миллион қандасымыздың қанын Сталин мен Голощекинге артып, тыныш жата берсек дейміз. Онда сол зұлматта неге тек қазақ қырылды? Бас сауғалағандар айналамыздағы Қырғыз, Өзбек, Ресей, Қытайға қашып аман қалды? Алдағы құрылмақ Мемкомиссия осыған түпкілікті жауап іздеуі ләзім. Ол Тәуелсіздігімізді қастерлеп, егемендігімізді қорғау идеологиясы деп түсінемін.
Ғасыр бұрын басталған зұлмат тұсында қазақ ұлты елімізде қазіргідей сандық басымдықта болған. Билікте де қазақтар аз емес еді... Бодандық болмыс пен надандық осындай трагедияға ұрындырды.
#СмағұлЕлубаевтың "Ақбоз үй" романын оқыдым. Бас кейіпкер: көргені көп, оқыған-тоқығаны бар, құл ұстаған бай адам. Сол қазақ байы аштықтан қаңғып өліп, бәйбәшесі екеуі айдалада көмусіз қалады. Құлға да тілемес ажал...
Қазір де ұлт қазынасын ұрлап, шетелге қашып ел ішіне іріткі салушылар бар...
Ғасыр трагедиясын түсіну, зерделеу - оның қайталануына жол бермеу. Ертеңімізге ереже қағида осы!


Махат Садык
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2816    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.06.2020, 14:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31