Тіл - тас жарады...

"Өзінің басы жоқ" балаларыңды журфакқа неменеге сүйрейсіңдер?!" – дегің келеді

  • "Өзінің басы жоқ" балаларыңды журфакқа неменеге сүйрейсіңдер?!" – дегің келеді

Таңертең жақсы көңіл-күймен жұмысқа келесің. Поштаны тексеріп, әлеуметтік желіні бір шолып шығып, жұмысқа кірісейін деп отырасың. Сол кезде бір "авторитет апа" келеді. "Немерем журфакқа тапсырып жатыр еді, соған мақаласы шығады деген справка жазып берсеңдер"... Мақаласы қане? "Жазады, жібереді". Жоқ мақалаға не деп справка жазып береміз? Тіпті бар болғанның өзінде ол мақала жарай ма, жарамай ма? Алдымен көруіміз керек. "Журналистер журналистерді түсіну керек қой".

Осындай "қазақбайшылықтан" шаршап кеттім. Жылда осы. Өткен аптада ғана бір ақын келіп кетті. Адалдық, әділдік туралы жазатын ақын. Баласы журфакқа тапсырмақ, соған әйтіп-бүйтіп, бір мақаланың астына баласының аты-жөнін қойып беруді сұрайды. Біздің газеттің негізгі авторы – оқушылар мен студенттер. Олар еңбектеніп мақала жазады, сұхбат алады. Оған біз бір қазанбастың атын қоюымыз керек. Одан кейін бір қарт журналистің кемпірі келді. "Сырошны шығуы керек" деп... Бүгін, міне, мына кісі. Өздері журналистиканың қазанында қайнап жүргендердің өзі сондай өтініш айтқанда өмірден түңіліп кетесің. "Сондай "өзінің басы жоқ" балаларыңды журфакқа неменеге сүйрейсіңдер?!" – дегің келеді. Әркімнің алдына барып, жексұрын болып жүріп соңғы сәтте шығарған бір материал "нан" бола ма?! Жалпы, журналистика факультетіне қабылдау кезінде "мамыр айының 1-іне дейінгі материалдар ғана қабылданады" деген бір шарт болса дұрыс болар еді. "Қолдарында тұр ғой, неменеге өзінше болады" дейтін шығарсыздар. Бірақ, біз балаларға адалдық, әділдік туралы айтамыз. Біздің балалар бесінші сыныптан бастап мақала жазады. Ал біреудің газетті өмірі көрмеген баласы немесе немересі атасы немесе әжесі баяғыда журналист не ақын болғаны үшін ғана орта жолдан "олжалы" болып кетеді. Әділетті емес қой!


Жұлдыз Әбділда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2136    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.07.2019, 11:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31