"Половая свободаны" сүйеміз, солай жүреміз десе, пажалыста, үйінде жүре берсін
Депутаттар Конституцияны оқымаған ба? - деймін. Оқыса:
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті.
(ҚР Конституциясы, 27-бап) жазылып тұрғанын білулері керек қой. "Половая свобода" деген не пәле, Бақытбек Смағұлов пен Гүлшара әпкеміз түсіндіріп бере ала ма екен? Қазақтың бар үйінде "полный свобода" ғой, кішкентайлар шүметайын шошайтып шауып жүреді. Біреуге "әтту" аттырып, екіншісіне бермейді, өз шүметайы өзі біледі. Молда "модный" етіп бергеннен кейін, олай жүрген ұяттау екенін бәрі түсіне қояды. Ал ақ самайлы, сары тісті депутаттар ондай қазақы тәрбиеңді ұқпаймыз, "половая свободаны" сүйеміз, солай жүреміз десе, пажалыста, үйінде, тіпті парламентте жүре берсін. Тек көшеге шығып кетіп біздің бала-шаға, немере шөберені шошытпасын. Ондай "кәкәй қылық" та, былық заңдары да керек емес!
Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан