Президент шақырмауы тиіс, президент соны жүзеге асыруға міндетті ғой....

13 сәуір 2021, 10:40

Билiк басында, яғни министрлер, облыс және қала әкімдері, депутаттар, департамент басшылары арасында қазақша білмейтін, бірақ орысша ғана сөйлеп, қызмет етіп жүргендер бар. Сұрақ: сондай жоғары лауазымда орыс тілін білмейтіндер отыра ала ма?
Менің ойымша жоқ. Шындық осы. "Президент қазақша сөйлеуге шақырды", "мемлекеттік тілдің қолдану аясын көтеруге үндеді" деп арасында сайттар шулап қояды. Одан пайда бар ма?! Менде, сізде шақыра аласыз. Бірақ ештеңе өзгермейді ғой. Президент шақырмауы тиіс, президент соны жүзеге асыруға міндетті ғой. Сіз бен менен айырмашылығы оның қолында өзгерту, ықпал ету тетігі бар ғой. "Ішкі құжаттардың барлығы ең алдымен мемлекеттік тілде жазылуы тиіс", "заңдар мемлекеттік тілде жазылады", "халық алдында есеп беру, баяндама ең алдымен мемлекеттік тілде болады" деген сынды нақты пунктерді бекітпесе үндегеннен, шақырғаннан түк өзгермейді. Әлі осылай 30-40 жыл шақырып жүре береміз.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан