Тіл - тас жарады...

Президенттің алдында есеп берсек, іс бітті деп ойлайтын болуы керек...

  • Президенттің алдында есеп берсек, іс бітті деп ойлайтын болуы керек...

    Президенттің алдында есеп берсек, іс бітті деп ойлайтын болуы керек...

Əкімдерді айтамын, Президенттің алдында шімірікпестен соғады,ə? Беті бүлк етпейді. Ағайын-ау, Алматы, Астана, Шымкенттің арасында сабылған жұрт əлі бір-біріне дəрі-дəрмек тасумен жүр. Аса қажет дəрілер жоқ болған, əлі де солай. Мысалы, Семейде қатты ауырып жатқан апайыма қажет дəріні бүгін Алматыдан күні бойы іздеп таба алмадым. Шымкенттен табылып еді, оның тасымалы қиын болды. 8 градуста сақтау керек екен. Алыс-жақындағы таныстарды жұмылдырып, ол дəріні Астанадан таптық. Енді оны Семейге жеткізу керек. Сөйтсек, ұшақта басы артық дəрі алып жүруге болмайтын тиым салынған дей ме? Əйтеуір, күні бойы дəрі операциясымен айналыстым. Ал, бүгін есеп берген əкімдер елді дəрімен жарылқап тастадық дейді. Өтірік! Қып-қызыл өтірік! Мен осыған куəмін. Олар аймақтағы жағдайды толыққанды білмейді. Президенттің алдында есеп берсек, іс бітті деп ойлайтын болуы керек. Ал, мынау індеттің бетін қайтаруға жарайтын ең қажет дəрілерді іздеген жұрт əлі сабылып жүр. Шындық осы!

 

Serik Zhanbolat
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 2746    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31