Ресейлік пропаганда жетегінде жүргенді доғару керек

20 қараша 2018, 09:47

Отарлық совет заманы құрсауынан шыға алмай және бұнысымен шынайы Тәуелсіздіктің табалдырығын аттай алмай отырған аянышты күйіміз белгiлi. Әзірге дейін тiптi ресми мәлімдемелерде "пост-советтік кеңістік" деген атауды қолданудың өзін соның бір айғағына балаймын. Мәселен, азаттығын алған Еуропа елдері өздерін пост-нацистік кеңістікке, иә Ресей өзі мемлекетін пост-Алтын ордалық кеңістікке енгізсе ерсі естілер еді ғой. Бізде ондай кемсіту үйреншікті жағдай. ТМД-ға келсек, ондай да кеңістік келмеске кеткен. Ресей Украина, Молдова, Грузия жерлерін басып алғанда ол қалайша ортақ кеңістік болмақ? Отарлаушыны пәк те жасампаз, ал бұрынғы малайларын оның ажырамас бөлігі ретінде көрсетуші ресейлік пропаганда жетегінде жүргенді доғару керек.

Расул Жұмалы
Фейсбуктегі парақшасынан