Тіл - тас жарады...

Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында жалған атақ үшін алаяқтық жасауға болмайды

  • Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында жалған атақ үшін алаяқтық жасауға болмайды

    Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында жалған атақ үшін алаяқтық жасауға болмайды

Менің түсінбейтінім эстрадалық концерт қалай ғана рухани жаңғыру болады? Мақалада: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды»-демей ме? Эстраданың ұлттық тамырға қаншалықты қатысы бар?

Екі жылдан аса уақытта рухани жаңғыруға байланысты өткізілген шараның басым көпшілігі Елбасының діттегенімен сәкеспейді, мақсатымен үйлеспейді. Рухани жаңғыру шараларын орыстілділердің ұйымдастыруы, орыс тілінде есеп жазылуы, тіпті, күлкілі жағдай. Рухани жаңғыру тек қазақ тілінде ғана жүзеге асады. Қазақ тілінсіз ұлттық кодты табу, қазақ тілінсіз ұлттық сананы ояту мүмкін емес. Рухани жаңғыруды - науқаншылдыққа айналдыруға болмайды. Ұлттық аударма бюросының 100 кітап жобасы, қазақ әдебиетінің әлемнің алты тілінде насихатталуы секілді саусақпен санарлық жұмыстардан басқасы көзбояушылық. Рухани жаңғыру шараларын қайтадан қарап, сараптап, шыққан нәтижесіне қарай бағалап, тексеру жүргізу керек. Міне, сол кезде ең болмағанада рухани жаңғырудың бағыт-бағдарын айқындайтын едік.


* * *


Рухани жаңғыру - ұлттың өкінішті өткенімен және болашағына байланысты болғандықтан, бұл бағдарламаның аясында жеке басқа,яғни, жалған атақ, жасанды абыройға немесе ақша табу үшін ғана алаяқтық етуге болмайтынын айтқым келеді. Ұлттық код, ұлттық сананың тереңінде қилы заман, нәубет кезең, ауыр тағдыр жатыр. Ұлттың рухы өзінен-өзі сына қалған жоқ. Тарихын ұмытып, тамырынан үзілудің себебіне үңілсек, жантүршігерлік жайттерге тап келеміз. Ұлттың рухын сындырған мезгілсіз ажал, себепсіз қырғын болған қанды оқиғалар. Үрей, қорқыныш. Осының бәрінен арылу үшін біздің ұлтқа рухани жаңғыру керек. Ол - жоғалтқанымызды тауып, кемтігімізді толтыру. Тарихтан сабақ ала отырып, жаңаша ойлау, жаңаша әрекет ету, яғни, қазақылықты бүгінгі заманға үйлестіру, әлемнің озық дүниелерін бойға сіңіру және қазақылықты да жаһанға таныстыру. Бұл тұрғыдан келгенде, өткенде айттым, 100 кітап, 100 жаңа есім, туған жер, әдебиетіміздің әлемнің алты тіліне аударылуы, қасиетті жерлер географиясы сынды игілікті жұмыстар бар. "Рухани жаңғыру" қоғамдық даму институтының ізденістері мен талпыныстарын айтпай кетуге болмайды. Осы институттың басшысы Кемелбек Ойшыбаев мырзаның рухани жаңғыруды талдап, саралап, сараптап берген және істелуге тиіс жоспарын баяндаған сұхбатынан көп нәрсені аңғаруға болады. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын дейді емес пе, атам қазақ. Рухани жаңғыру аясында атқарылып жатқан нәтижелі жұмыстарды жоққа шығару ойда жоқ, бірақ осы шараның атын жамылып, көзбояушылық жасап, игілікті істерге көлеңке түсіріп жатқан халтуралардан құтылу керектігін айтқым келген еді.

Рух-ол ойыншық емес...


Еділ Анықбай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 947    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.11.2019, 15:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30