Тіл - тас жарады...

СӘБИДІ ҚАҒЫП ҚАШҚАН АДАМ НЕГЕ ЖАЗАСЫН АЛМАЙДЫ?

  • СӘБИДІ ҚАҒЫП ҚАШҚАН АДАМ НЕГЕ ЖАЗАСЫН АЛМАЙДЫ?

    СӘБИДІ ҚАҒЫП ҚАШҚАН АДАМ НЕГЕ ЖАЗАСЫН АЛМАЙДЫ?

Бұл қыздың аты - Інжу! Жасы 7-де. Інжудің 2020 жылдың 17 желтоқсанында Алматы қаласына қарасты Алғабас ықшам ауданында бір азамат көлігін артқа жын соққанша айдап, біраз жерге сүйретіп тастап, аяғын сындырып, қашып кеткен.
Сәбиді қағып, қашып кеткен күдікті 4 күннен кейін Інжудің туыстарының таныстарының арқасында табылған. Оқиға болған күні қыздың шешесі учаскелік полицейге арыз жазған екен. Қашқын табылғаннан соң, жылап-сықтап, "сәбидің барлық ем домын мойныма аламын" деп ант-су ішіп, арызды қайтартып алған.
Алғашқы апталарда екі бөліп, 50 мыңнан 100 мың берген де содан кейін телефонын бұғаттап тастап, тағы қашып жүрген көрінеді.
Біздің елде бала қағады - қашады. Тауып алған соң, сүйенер-сүйкенері жоқ отбасын алдап, арызын алдырады да - тағы табанын жалтыратып кетеді. Заңнан қорқып, сәбидің назасынан қорықпайтын қандай адам деп ойлайсың!
Қыз оқиға болғалы үш айдан асса да аяққа тұрмаған. Сынған аяғы қисық бітіп келеді екен. Тіпті, мүгедек болып қалу қаупі де бар сияқты.
Құрметті әріптестер! Ертең сағат он бірде бір топ журналист қыздың үйіне барып, жағдайын көріп, сюжет жасасақ деп отыр!
Ыңғайы кеп жатса, екі тараптың да, құзіретті органдардың да пікірін алып, сюжет яки мақала дайындауға атсалысып жіберсеңіздер!
Кішкентай сәбиге көрсеткен көмегіміз болсын!
Оқиғаның мән-жайын 8 777 044 01 03 телефонынан сұрап білерсіздер!

   

Қанат Әбілқайыр

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1282    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 10:31

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30