Тіл - тас жарады...

Саясатпен кейін айналысамыз деп жүріп әрі азғын, әрі кедей ауданға айналып кеттік

  • Саясатпен кейін айналысамыз деп жүріп әрі азғын, әрі кедей ауданға айналып кеттік

    Саясатпен кейін айналысамыз деп жүріп әрі азғын, әрі кедей ауданға айналып кеттік

Адам ғафыл басына түскенде ғана ойланады. Кеше ғана Қазақстан жасөспірімдер арасындағы суицид көрсеткішінде бірінші орынға шықты деген ақпарат естідім. Ажырасудан, аборттан, жасөспірімдер арасындғы аборттан да алғашқы ондықтамыз.

Бұл статистикаға етіміз үйреніп кеткен. Жақындарымыздан біреу ұрынбайынша мән бермейміз. «Қазақтар Сирияға кетіп жатыр екен» дегенді естігенде де бізге қатысы жоқтай самарқау қабылдайсың. Артынан танысың, көршің, туысың, күнде көріп жүрген біреуің «джихатшылап» кеткенін естігенде барып басыңа тиеді.

Кеше «Жусан 2» операциясы туралы видеоларды көріп, кеудем басылып қалды. Экономиканы алдыға шығарып, саясатпен кейін айналысамыз деп жүріп әрі азғын, әрі кедей ауданға айналып кеттік. 

Жұрт діннен таяныш іздеді. Бірақ қауіп сол жақтан келді. Оны да саясат билеп, негізінен балаларды құрбан етті. ҰҚК дерегі бойынша, Таяу Шығыстан тыныштық кеткелі ол жерге бізден 800 дей адам барған. 2018 жылы Ирақ пен Сирияда 120 ер адам, 250 әйел, 500 дей қазақстандық бала болды. Биыл мамырда «Жусан» операциясы бойынша 230 Қазақстан азаматы қайтарылса, соның 60 пайызы балалар.

Жалпы, елдегі діни мәселені имамдар мен діни адамдар өз бетімен реттей алмайды. Мұнымен елдегі ресми әрі зайырлы мекемелер тікелей айналысуы керек. Әсіресе жастарға қауіп төніп тұрғандықтан Білім министрлігінде көп көңіл бөліуні керек. Және оған қарсы тек дәстүрлі мәдениетті ұсына аласың. Өз басым, бұл мәселеде ШҚО мамандарының тәжірибесін мойындар едім. Өйткені елдегі аудандардың ішінде ШҚО ғана діни экстремизмге беріспей тұр. Ал Батыс аудандарға қанша күш салынса да ваххабизм жыл сайын күшейіп барады. Біз ИГИЛ, ДАИШ деген сияқты қорқынышты атауларды естігенде бізге қатысы жоқ, жердің арғы түбіндегі бір аждаһа сияқты қабылдаймыз. Бірақ егер елдегі діни радикалды топтың қолына билік тисе олардан айырмашылығымыз болмайтыны анық.


Saken Nurkabekuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1328    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.05.2019, 12:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30