Тіл - тас жарады...

Сендердің жасаймыз дегендеріңді білеміз ғой!

  • Сендердің жасаймыз дегендеріңді білеміз ғой!

    Сендердің жасаймыз дегендеріңді білеміз ғой!

БЕС ЖЫЛ БҰРЫН МЕН ДЕ ӘКІМ БОЛҒАНМЫН...

Кешеден бері сіздермен бөлісуге уақыт болмады. Құдай тағала берем десе оңай екен ғой. Кеше көрші ауданда бір ауылдық округке әкім болып тағайындалдым. Қолқалап болмаған соң келістім. Сонымен көрші ауданның әкімі әлгі округке алып барды. Ауылдың көшелері түзу болғанмен қиқыш-ойқыш шұңқырдан көрінбейді. «Мынаған соңғы рет қашан жөндеу жүргізілген?» деп сұрадым. «Жылда жөндейміз, бірақ көктемде қар суы шайып кетеді».

«Сонда қар суына тосқауыл жоқ па?» деп мен де болмаймын. «Е бауерем сен шешесің қалғанын» деп аудан әкімі де сасар емес. Бір үлкендеу ғимарат екен ауылдық әкімшілік, келіп алдына тоқтадық. Есіктің алдында адамдар тосып тұр жыпырлай. Амандаса келе ішкі мәжіліс залына кірдік. Мені таныстырды: «Мына кісі сіздердің ауылдық округтеріңізге әкім болып тағайындалды. Ендігі проблемаларыңызды осы кісімен бірлесіп шешесіздер. Алда үлкен науқан күтіп тұр. Елбасымыздың арқасында осындай күн кешіп жатырмыз. Енді сол сайлау науқанына бір кісідей қатысайық. Елбасымызға бір кісідей дауыс берейік» деп жалынды сөздермен жарты сағаттай сөйледі. Сөз кезегі маған да келді. «Иә, сіздермен танысқаныма, алдағы уақытта бірігіп жұмыс атқаратыныма, сіздердің сенімдеріңізден шықсам менің басты мақсатым сол болмақ» деп біраз нәрселерді ақтардым. Ол ауылға бармай тұрып тұрмыс жағдайларымен сырттай танысып үлгергенмін. Сонымен не керек аудан әкімі таныстық аяқтала салып дайындалған дастарханнан дәм татты да «іске сәт» деді де кете барды.
Сонымен жұмыс басталып кетті. Алдымен барлық қызметкерлермен таныстым. Сосын бас маманды шақырып алып тапсырма бердім: «Ертең сағат 11 ге клубқа халықты жина, жақынырақ танысып қал жағдайларын, бұйымтайларын сұрайын». «Жақсы» деп ол кетті. Столдың жанында кнопка дайын Басып қалсаң болды «ПИҚ» деп жетіп келеді. Сонымен кеш батты. Мені бас маман үйіне апарып қондырмаққа шақырды. «Жарайды» деп мен де келісе кеттім. Есіктің алдына шықсам дайын машина, отырып алып көшеге қарай шықтық. Көше шамдары орнатылғанмен жанбайды екен. «Мына шамдар неге жанбайды?». «Ой ол сіздің алдыңыздағы әкім сөйтті бүйтті деп сарнап қоя берді». «Жарайды өткенге күйе жағып қайтесіз, ертең қалыпқа келтіру керек» дедім.

Сонымен бірінші күні бас маманның үйіне қонып шықтым. Ертеңінде ауылды аралап көрдім. Иесі көшіп құлап жатқан үйлер көп екен. Ауылдың ортасында кішкене саябақта 4-5 ақсақал әңгімелесіп отыр екен барып амандастым «Ассалаумағалейкум аталар». «Уағалейкүмассалам балам, ауылға жаңадан әкім келді деп еді сенбісің?» «Иә» деп қоям. «Әй балам ауылда мәселе көп, жас екенсің жас келсе іскедейді шешетін шығарсың?» «Иә ақсақал шешеміз, бірақ уәде бере алмаймын, әр нәрсе уақытымен.» «Бұрыңғы да уәдені үйіп төгіп еді» Сонымен әңгіме ұзаққа созылып зорға босап шықтым. Руымды анау мынауымды бірақ түгендеп біреуі құда, біреуі туыс, біреуі жиен қылып алды). Сонымен 11 де клубқа бет алып бара жатыр едім ауданнын қоңырау түсті. «Тез жет. Жиналыс өтейін деп жатыр» демесі бар ма? «Менің халықпен кездесуім бар?» «Ауыл ешқайда қашпайды жиналысқа кел!» Еріксіз бас маманға «Сен жиналысты өткізе бер дедім де» ауданға ұштым. Бар жоғы 5 минуттық жиналыс болды. Амал қанша қайта кері қайттым.
Общым командировка да көбейді. Халықтың өтініштерін қағазбен де, әлеуметтік желілермен де қабылдай бастадым. Бірақ сол проблеманың 95 пайызы жеке бастың қамы, ауыл тағдырын ойлайтын адамдар 5 пайыз болып шықты. 2-3 күн өткеннен кейін ауылдық клуб үйінде халықпен кездесудің сәті түсті. «Біздің ауыл осындай, жол жөндеу керек, көшенің шамы мүлде жанбайды. Мал жаятын жайылымдық тапшы» талай проблемалар кетіп жатыр. Мен: «Құрметті ауыл тұрғындары, биылғы жылдың бюджеті бекіп кетті келесі жылғыға тапсырыс береміз енді. Ал қолдан келетін шаруаны қазірден бастап кірісеміз. Жасаймыз». «Сендердің жасаймыз дегендеріңді білеміз ғой!» деп залдан біраз кісілер айқайлап жатты. Тағы бір орта жастағы егделеу тартқан ер кісі мінбеге шықты: «Біз енді малмен күн көріп отырмыз, ауылда мал көп алушы жоқ. Алдында сатуға ауылдан 300 бастай мал шықты, мал шықты, бол енді тұр! Мал шығып кетті ғой тұр! ТҰР» деп келіншегімнің жұлқылап жатқанынан оянып кеттім. Жан жағыма қарасам түсім екен. Шүкір дедім. Ух дедім. Қара тер басып кетіпті. Енді біраз оятпағанда ана ауылдың кісілері жұлып жейді екен)) Тұра сала далаға қораға жүгірдім...

10.04.2015

Meirzhan Temirbek
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1022    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 12:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31