Тіл - тас жарады...

Шаш жұлысқан көкбет қыз, ернін бояған қызтеке ұл эфирге жоламас еді

  • Шаш жұлысқан көкбет қыз, ернін бояған қызтеке ұл эфирге жоламас еді

    Шаш жұлысқан көкбет қыз, ернін бояған қызтеке ұл эфирге жоламас еді

КЕТНАЛАР


Көшеде "айналайын" дегеннен көрі "кет на..." деген сөз көп айтылады, алқаштар, бұзықтар, бұзылғандардың аузынан түспейді, сол сөз шыққан жаққа жүргінші біткен жалт қарайды. Бұдан "кет на..." аса қадірлі ұғым деген ой тумауы керек қой. Бірақ, құндылық арзандады, әсіресе, журналистикада! "Кетна..." секілді абыройсыз дүниемен абыройлы боп жүргендер көбейді, қыздарды қоя бер, біреудің байын, әйелін, көйлегін, лыпасын өсектеп отырған еркек-журналистерді көргенде қаның басыңа шабады. Солардың дені ағаның алдын көрмеген, ар уызын ембеген, бұл салада Марат Қабанбай, Асхат Шәріпжан, Алтекең, т.б кентаврлар кісінеп өткеніне, олардың үні ел құлағында әлі тұрғанына сенбегендер. Қоғамың да, қазағың да, саясатың да - бәрібір, өсек отын қаулатып, өлексе-сөзге көпті құзғынша шулатып, сол шудың арасында беті жылтырап отырса болғаны. Сайт, газеттер де кейде сол Кетналардың өсек-аяңын қыстырып, рейтинг жинайды. Бас редакторлар құзғын лекке қосылмай, әлгілерді сыпайы сөзбен шығарып салып отырса ақпарат әлемі дәл бұлай арзандамас еді, түйені "құлынның мамасы" дейтін жартыкешті ешкім жарнамаламас еді. Шаш жұлысқан көкбет қыз, ернін бояған қызтеке ұл эфирге жоламас еді. Арсыздық пен азғындықтың демократияға түк қатысы жоқ, қайта осы екеуі соның қабіршілері. Сонда "кетна..." - "айналайынның", Кетналар - сананың қабіршілері боп шығады...


Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1104    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.02.2019, 11:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31