Шенеуніктің ел аралағанын әжептеуір оқиғаға айналдырған Қазақстандық идеологтар мықты екен...

19 қараша 2018, 11:20

Кеше Жетісайлық әріптесім хабарласты..
Жағдай сұрасып жатырмыз..
Ол сұрады, мен жауап бердім.
- Ауылдарың аманшылық па? - деген "дежурный" сұрағыма
- Ертең ауданымызға әкім келеді екен дейді.
- Қандай әкім?
- Облыс әкімі..
- Әкім келіп кеткеннен не өзгереді?
Жалақыларың көбейеді ме, жолдарың бүтінделіп қалады ма?
- Жәй айтқаным ғой..
- Жоқ, ақталмай-ақ қой, сенде кінә жоқ..
Шенеуніктің өзінің тікелей міндетімен ел аралағанын әжептеуір оқиғаға айналдырған Қазақстандық идеологтар мықты екен...

Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан