Шетелдік қордың тиын-тебенін ақтап арпылдап жүр...
Қашаннан айтып келемін: шетелдік ұйымдар қолдайтын қорларды елімізге кіргізуге болмайды. Мына заң - солардың ұсынысы.
Кезінде менің "Қазақ аруы" пәніме де тиіскен солар еді. "Қазақ қыздары болашақ ана бола ма, болмай ма, өздері біледі, неге оларға отбасылық өмірге даярлықты оқытасыз?" деген сұрақ қойып, қарсы шыққан. Осындай аргумент бола ма?
Елімізде бірнеше жыныстық ауытқушылығы бар адамдар бар, қызығы, сол қорлар соларды қолдайды. Себебі, олардың балалары болмайды. Тек шетелдік қордың тиын-тебенін ақтап арпылдап жүр.
Сараш Қоңырбаева
Фейсбуктегі парақшасынан