Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шетелдіктер үшін бұлар тіпті "құтырған иттің құлағын тістеуге бар"

05 қаңтар 2018, 11:47

Күлдіре білетін баяғы «Тамашада» Бақыт Айтова мен марқұм Құдайберген Сұлтанбай ойнайтын екі кемпірдің диалогы бар еді:
"– Әй, қыз-ау! Менің айналайын немерем алты тіл біледі-ей!
– Ойпырмай-ә! Соның ішінде қазақ тілі бар ма, әйтеуір?
– Енді... о жағынан ұяттымыз..."
Қазақстан үкіметі екі жылда ағылшынша судай сөйлейтін болыпты. Қазақтың сауалы мен талабын айлап-жылдап жауапсыз қалдыратын шіркіндер шетелдік инвестордың сұрағына 10 күн ішінде жауап береміз деп жалбақтап жатыр. Әне, шетелдіктер үшін бұлар тіпті "құтырған иттің құлағын тістеуге бар". Қазақ байғұс "бізбен қашан қазақша сөйлесесің?" деп қақсап келе жатқанына ширек ғасыр болды, әлі күнге құлағына ("құтырған иттің" емес, өздерінің) қыстырар емес.
Ертең "біздің айналайын үкімет алты тіл біледі-ей" деп мақтанып, ақырында әлгі екі кемпір құсап қалмасақ болғаны.

Сәкен Сыбанбай
Фейсбуктегі парақшасынан