Тіл - тас жарады...

ШИБӨРІНІҢ КӨ...ДЕЙ ШУЛАЙТЫН ТҮГІ ДЕ ЖОҚ

  • ШИБӨРІНІҢ КӨ...ДЕЙ ШУЛАЙТЫН ТҮГІ ДЕ ЖОҚ

    ШИБӨРІНІҢ КӨ...ДЕЙ ШУЛАЙТЫН ТҮГІ ДЕ ЖОҚ

Біз шынымен парықсыз елге айналып барамыз.

 

Кеше ғана "Қайрат Әділгерей Димаш туралы бүй депті", - деп, одан кейін "Мәулен Әшімбаев ашаршылық туралы бүй депті", - деп өре түрегелдік.

 

Мен екі сұхбатты да арнайы оқыдым. Шибөрінің көтіндей шулайтын түгі де жоқ.

 

Қайдағы бір рейтингтің соңынан қуған сайттар мен жұртты тарту үшін жымысқы тақырып қойғыш журиктер (журналистер емес) кесірінен ел шулап кетті.

 

Құдай-ау, босқа шулағанша "солар не деді екен?",-деп ашып оқу керек қой. Жоқ біз тек шулай жөнелуді білеміз. Кәдімгі желдің ығына жығыла беретін ақселеу сияқты...

  

Мәулен ашаршылық туралы салмақты ой айтып, өзекті мәселе қозғап отыр. Эмоциядан басқа ғылым деген нәрсе бар.

 

Қане, кім ашаршылық тақырыбын індете зерттепті? Кім ашаршылықтың себептерін жан-жақты сараптап көріпті?

 

Өз басым талантты ғалым Almas Junisbay  бауырымның "ашаршылық кезіндегі апаттың бір үлкен себебі - сол кездегі медицинаның әлсіздігі",-деген тұжырымы үшін оны "орысқұл" атандырғандарды да көрдім.

 

Сол кіналағыштардың біреуінің архив құжаттарын зерттеп көргеніне күмәнім бар.

 

Мен айтар едім ашаршылыққа 1930 жылдары әлемде орын алған "Ұлы дағдарыстың" да әсері бар. Сол жылдары әлемде аштықтан көз жұмған жандардың жалпы саны - 10 000 000 деседі.

 

Бірақ, оған Қазақстан, жалпы Кеңес одағындағы ашаршылық құрбандары кірді ме екен. Кірмесе, бұл сан өсе түседі...

 

Яғни, бұл тақырыпты зерттегенде ішкі-тысқы жағдайларды жан-жақты сараптау керек.

 

Тарихтан сабақ алмаған ұлттың қасіреті қайталана береді.

 

Ал, тарихтан сабақ алу үшін сөз сезімшілдерге емес, нағыз ғалымдарға берілуі керек.

 

Бәлкім басқаларға ұнар-ұнамас, дегенмен өз сөзім өзімдікі...

 

 

 

 

Досым Зікірия

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3572    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 21:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Сәуір, 17:01
    ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ – ХАОС
    23 Ақпан, 09:09
    Біз кімбіз, сонда?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31