Тіл - тас жарады...

Шикізаттан басқа түк өндірмейтінімізді ОПЕК саясаты бетімізге әдемі "былш" еткізді

  • Шикізаттан басқа түк өндірмейтінімізді ОПЕК саясаты бетімізге әдемі

    Шикізаттан басқа түк өндірмейтінімізді ОПЕК саясаты бетімізге әдемі "былш" еткізді

  • Шикізаттан басқа түк өндірмейтінімізді ОПЕК саясаты бетімізге әдемі

    Шикізаттан басқа түк өндірмейтінімізді ОПЕК саясаты бетімізге әдемі "былш" еткізді

Жағдай өте нашар! ӨТЕ! Қазақстан үшін ӨТЕ, ӨТЕ жағымсыз жаңалықпен басталды мына апта. Мұнай бағасы бірден 30%-ға құлдырады. Мұндай бірден құлдырау 1991 жылғы Парсы шығанағындағы сұрапыл соғыстан кейін болған емес. ОПЕК-тің арнайы басқосуында мұнай өндіруді азайту бойынша келісім іске аспағандықтан, Сауд Арабиясы мұнайдың ресми бағасын бірден түсіріп жіберді. Қазір мұнай бағасы Brent маркасына 31,5 доллар, WTI маркасына 30,30 доллар болып қалды. Өткен айда бұл көрсеткіш 57-55 долларға тең еді.

Мұнай Алланың бізге берген сыйы еді, бірақ біз сол сыйды қолдана алмай келеміз. Осы арқылы экономикамызды әртараптандыруға, халықтың жағдайын көтеруге мүмкіндік болып еді. Бақандай 30 жыл уақыт берілді. 30 ЖЫЛ! Сауд Арабиясы, Катар, БАӘ елдері ол мүмкіндікті іске асыра білді. Мұнайдан түскен қаржыны өзге секторды дамытуға салды, туризмді көтерді. Экономикаға жаңа рычагтар жасады. Ал біз сол Крыловтың мысалындағыдай шырылдауық шегіртке болдық. Әлемдік саммиттер, көрмелер, форумдар жасадық. Әндеттік, биледік.

Экономикамыздың жартысынан көбін мұнай қамтамасыз етіп отыр. Мұнай-газ саласы бойынша 250 кеніште 104 түрлі кәсіпорындар қызмет етуде. Біз өз бюджетімізді мұнай бағасының 55 доллар болуымен өлшеп, соған жоспар құрып қойдық. Экономиканы әртараптандыру бойынша сөзбен айтылғанмен, іспен жасаған жоқпыз. Енді міне, шикізаттан басқа түк өндірмейтінімізді ОПЕК саясаты бетімізге әдемі "былш" еткізді. Салфеткамен сүртсең де кетпейді. Сауд Арабиясы бұл баға соғысын Ресейге жариялағанымен, бізге қатты әсер етеді. Теңге құлдырайды, онсызда тізесі дірілдеп әрең тұр. Доллар өседі. Девальвацияның құлағы қалқиып тұр әне. Азық-түлік, дәрi-дәрмек және басқа қажеттіліктер бағасы біртіндеп өсе бастайтынын айтпасақ та түсінікті.
Ресми түрде бюджеттің 44% мұнай-газ саласы береді. Демек бюджетке түсетін қаржы азаяды. Артынша жалақы беру, өсіру, зейнетақы деген мәселелер де пайда болуы мүмкін.

Асхат Қасенғали
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 779    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.03.2020, 14:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31