Тіл - тас жарады...

Ішкі саясат басқармалары мен ассамблея қайда қарап отырады?

  • Ішкі саясат басқармалары мен ассамблея қайда қарап отырады?

    Ішкі саясат басқармалары мен ассамблея қайда қарап отырады?

Орыс жігіті "чат рулеткада" қазақтар жайлы жаман сөз айтыпты. Дәлірек айтсақ анау украйндық видеоблогер шал орыс жігітінің миының қырық қатпарында көмескіленіп жатқан "ежелгі жаман пиғылын" оятып, бетпердесін ашамын деп әдейі құйтырқы сұрақтар қойған. Ақыры қызды-қыздымен эмоцияға берілген орыс жігіті біз туралы бейәдеп сөз айтуға мәжбүр болды. Әркімнің аузы өзінікі десек те, оның осындай сөз айтуына бірдеңе себеп болуы әбден мүмкін ғой. Мүмкін әлгі украин шалға ерегесіп әдейі айтқан шығар, (Олар бір бірін ұнатпайды ғой) Бәлкім дәл сол күні бірдеңеге ыза болып арақ ішіп алған шығар? Бәлкім, оқушы кезінде бір-екі қазақ баласы мектептің туалетінде қалтасындағы тиынын тартып алған шығар? Сол оқиға есіне түсіп, үйінде отырып бір кіжініп қалғысы келген болар.
Соңғы кезде қазақтардың өзге ұлт өкілдерін ұрып соғып кешірім сұратқан бейнежазбалары әлеуметтік желілерде көбейіп барады. Бұл біздің қазақ жастарының ұлтшылдық сезімдерінің әсіреұлтшылдыққа, фашизмге айналып бара жатқанының көрінісі деп бағалаймын. Бұндайға қазірден тоқтам қою қажет. Қазақстанда қазақтардың қолынан таяқ жеген орыстардың мынанадай видеолары қазір бірнешеу болды. Солардың ақ-қарасын айырып жатпай-ақ Ресейдің ақпарат құралдарына таратса не болмақ? Ресейде білім алып жатқан, сол елде өмір сүріп жатқан қазақтардың қауіпсіздігін "тақырбастардан" кім қорғамақ? Осындай облыстардың ішкі саясат басқармалары мен қалалық бөлімдері, ассамблея қайда қарап отыр екен?
Витя деген орыс досым бар. Ол видеоны көріп ватсап арқылы маған жіберіпті: Ермек, қазақтар қайда бағыт алып барады,мынау жабайылық, басқаша түсіндіруге болмады ма, тауып берсе өзіміз-ақ түсіндірер едік қой,-деп реншін білдірді.
Мынандай видеоларды көрген соң Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің қайсы болса да бізге деген көзқарастары күрт өзгереді. Ал осындайда қарсы пропагандалық жұмыстар жүргізуге міндетті ішкі саясат басқармалары мен ассамблея қайда қарап отырады? Әлде осындай видеолардың кесірінен орыстар мен қазақтар қолдарына шоқпар ұстап бір-біріне қарсы көшеге шыққанда бірақ қимылдайық па? Қазақстандағы орыстарды қазірден сабырға шақырып, қазақтар жайлы бейәдеп сөз айтқан орыс жігітінің де, оны сабаған қазақтардың да арандатушының құрығына түсіп қалғанын әдемілеп жеткізетін ішкі саясат бөлімдерінің блогерлері мен СММ-шиктері қайда? Халықпен әлеуметтік желі арқылы, телеарналарға бағдарламалар дайындап, түсіндіру жұмыстарын неге жүргізбейді...


Ермек Құрманғалитегі
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 907    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 08:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31